29Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ҒА САЯХАТТАУШЫЛАР САНЫ 30 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Дүйсенбі, 30 Қаңтар 2017 17:06

 

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ОҚО Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары Алмат Сүюбаев айтты. Сонымен бірге, баспасөз жиынына «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы КММ-нің басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Түлебеков және «Шымтур» туристік ұйымының басшысы  Лейла Бисекенова қатысты.

Басшы орынбасарының мәліметінше, өткен 2016 жылы аймақтағы орналастыру орындары - қонақ үйлер мен лагерьлерде, демалыс орындарында аялдаған туристердің саны 142 мың адамға жуықтап, 2015 жылмен салыстырғанда 33 мың адамға (30,4 пайызға көбейген) өсті. Сәйкесінше, саяхатшылардың тұрақтау орындары да көбейген. Мәселен, былтыр Оңтүстіктегі орналастыру орындарының саны 167-і болып, 2015 жылмен салыстырғанда 27,4 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, былтыр аталған қызмет көрсету орындарымен көрсетілген қызмет көлемінің қаржысы 2 млрд. теңгеге (1 991 303,6 мың тң.) жуықтап, 2015 жылмен салыстырғанда (1 408 972,4 мың тң.) 41,3 пайызға көбейген.

«2016 жылы өңірдің туристік танымалдығын арттыру мақсатында «The Heart of the Silk Way» («Жібек жолының жүрегі») туристік бренді әзірленді. Сонымен қатар, «Ontustik Tourism Center» Туристік ақпараттық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің  салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Онда «Бір терезе» қағидасы бойынша жергілікті тұрғындарға және шет елдік туристерге қызмет көрсетілуде. Мысалы, 2016 жылы Орталық туристік бизнес өкілдеріне және гидтерге арналған ағылшын тілін білу деңгейін жоғарылату, туризм бойынша менеджмент стандарттары, мейрамхана бизнесі және маркетинг, қонақ үй бизнесі және басқару, гид-экскурсоводтардың қызметі сынды  тақырыптарда семинар-тренингтер өткізді», - деді А.Сүюбаев.

2016 жылы ішкі туризмді насихаттау мақсатында бірқатар өңірлік, халықаралық және республикалық шаралар өткізілген. Атап айтқанда, «Наурыз - 2016» Қазығұрт тауына жалпы-сауықтыру жорығы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Бұл – біздің таулар» тау фестивалі мен «Оңтүстік самалы» халықаралық бард әндері фестивалі, «Ontustik Tourism - 2016» халықаралық туристік форумы және «Silk Way Tourism Fair» туристік жәрмеңкесін айтуға болады. Ал облыс делегациясы «ІТВ 2016» (Берлин қ., Германия), «МІТТ - 2016» (Мәскеу қ., Ресей), «МУТВ» (Ташкент қ., Өзбекстан) халықаралық көрмелеріне, БАӘ өткізілген «Көне жолдар – Жаңа мүмкіндіктер» жаһандық бизнес-форумына, Алматы қаласында өткізілген «KITF» - Туризм және саяхат» және Астана қаласында өткізілген «Астана - демалыс» қазақстандық халықаралық туристік көрмелеріне қатысты. Сонымен қатар, Автсрия мемлекетіне, Санкт-Петербург қаласына (Ресей), Ақтөбе және Атырау қалаларына роуд-шоулар ұйымдастырылып, ОҚО-ға инвесторларды тарту және туристік өнімді ілгерілету мақсатында шетел туристік ұйымдармен келіссөздер жүргізіліп, жобалардың тұсау кесері өткізілді.

Осы сынды салада атқарылған жұмыстарға есеп берген Алмат Сағынтайұлы биылғы туризмді дамыту аясында атқарылатын шаруалардың ретін атады. 2017 жылға арналған жоспарға сәйкес, саланы дамыту 4 бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда, олар - өңірдің туристік имиджін маркетингтік ілгерілету, туризм саласында қызмет көрсету сапасын арттыру, туризмді дамытудың жүйелі мәселелері және туризм инфрақұрылымын дамыту.

Мысалы, өңірдің туристік имиджін маркетингтік ілгерілету бойынша жоспарланған негізгі іс-шаралар шеңберінде «Оntustiktravel.kz» сайтын және «ON Guide» мобильдік қосымшасын қосымша қытай, араб және түрік тілдеріндегі ақпараттармен толықтыруды қамтамасыз ету жоспарланып, облыс бойынша оқиғалы іс-шаралар күнтізбесін әзірлеп, «Оntustiktravel.kz» сайтына орналастыру сынды шаралар көзделген. Мұнан бөлек, 2017 жылы туризмнің инфрақұрылымын дамыту жоспарлануда. Оның ішіне бірқатар зәкірлік жобаларды жүзеге асыру бойынша шаралар енгізілген. Атап айтқанда, «Сарыағаш», «Түркістан», «Шардара», «Қасқасу» және туристік маршруттардың бойында кіші инфрақұрылымды дамыту жоспарда бар.

Сонымен қатар, тілшілермен болған кездесуде облысымыздың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындығы да айтылды. Өңірімізге келетін қонақтар үшін әзірленген үш және бес күндік туристік бағыттар ішінде Отырар, Түркістан, Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас және Сайрам сынды аудан, қалалар қамтылған.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

280 рет қаралды

Пікір жазу