17Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ҒА ТАРТЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯ 25 ПАЙЫЗҒА ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ

Сейсенбі, 31 Қаңтар 2017 17:18

 

 

 

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы – алдағы мақсаттарымызды түсіндірудің ең басты құжаты болып табылады.  Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Президенттің жазбаша түрде жарыққа шыққан Жолдауы бойынша өткен облыс активінің жиынында айтты.

 «Мемлекет басшысы еліміздің бірінші жаңғыруында өз жолымызды қалай бастағынымызды және мемлекеттің іргетасын қалай қалағанымызды айтса, сол жылдары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Бәріміз бірлесіп, елімізді алға жылжытуға бағытталған жұмыстарды атқардық. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәскекеге қабілетті 50 елдің  қатарына енді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Елбасымыздың Қазақстанды дамытудың үшінші жаңғыру бойынша жасаған Жолдауы әлемдік дағдарыс кезінде алға батыл қадам басуға бағыттайтын саяси құжат болып табылады», - деді әкім.

Жансейіт Қансейітұлы Президенттің осынау Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі мен кәсіпкерлікті дамытудың бағыт-бағдары да қамтылған атап өтті. Мәселен, қазіргі жаһандық нақты ахуалдан қалай шығу жолдары ретінде экономиканың жеделдетілген технологиясының жаңғыртылуын айтуға болады. Яғни, өңірде әрекет етіп жатқан кәсіпорындарда жаңа цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге қол жеткізу. Бұл бағытта облыста барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда 11 индустриалдық аймақ құрылып және   «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ әрекет етіліп, кәсіпкерлерге қажетті барлық инфрақұрылым жеткізілген. Осы орайда, облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы өңірдегі Отандық ғылыми зерттеу институттарымен бірлесіп, жоғарғы инновациялық технологияларды қолданатын жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетілу қажет.

Сонымен қатар, мәжілісте әкім өңірімізде экспортқа бағытталған кәсіпорындардың санын арттыру мақсатында жергілікті тауар өндірушілердің бәсекелік қабілеттілігін жоғарлатып, өңіріміздің бүгінгі 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын экспорттық айналымды 2 есеге арттыру қажеттігін міндеттеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы Елбасының жеке және шетелдік инвестиция көлемін экономикадағы үлесін арттыру тапсырмасы бойынша облыста 14,5 пайыз көлеміндегі шетелдік инвестицияны 2020 жылға дейін 25 пайызға ұлғайту қажеттігіне тоқталды. 

«Бұл үшін біздер инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіп, оларға тиімді жағдайларлды жасауымыз қажет. Аталған бағытта өңірімізде тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып отыр. Атап айтқанда, облыстың барлық аудандарында  инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы мобильдык топтар құрылған»,- деп мәлімдеді Ж.Түймебаев.

Президент Жолдауының орындалу барысы талқыланған жиында аймақ басшысы аграрлы өңір Оңтүстік - экономиканың жаңа драйверіне айналу біз үшін ерекше міндет екенін айтты. Яғни, облыс еліміздің көкөніс және бақша өнімдерін өндіретін басты жеткізуші болуы қажет. Бүгінгі күнге облысымызда жылыжайлардың үлесі республикада 87 пайыз көлемді құрайды, сол сияқты тамшылатып суару, интенсивті баулар бойынша да алдыңғы қатарда. Осы айтылған қарқынды көрсеткіштерді жоғарлату мақсатында, облыс диханшылары отандық алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу институттарымен тығыз жұмыс істеуі қажет. Бұл үшін біздер ұсақ шаруа қожалықтарды ірілендіріп біріктіруіміз керек»,- деді әкім.

Айтылған міндеттер мен мақсаттарды орындай отырып, Оңтүстік Қазақстанның 2025 жылға дейін жалпы өңірлік өнім көлеміндегі үлесі 9 пайыздан 15 пайызға ұлғайтылмақ.

Айта кетейік, жалпы өңірге инвестиция тарту мақсатында Шымкентте 1-3 ақпан аралығында «Қазақ-Түрік» инвестициялық форумы өтпек. Форумның мақсаты - Түркиялық инвесторларға өңір экономикасын, инвестициялық ахуалын, инвестицияларға қатысты ҚР-ның мемлекеттік бағдарламаларын таныстыру және екі-жақты іскерлік топтар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандырып, нығайту болып табылады.
 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

462 рет қаралды

Пікір жазу