"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА КӨКТЕМГІ ТАСҚЫНЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сейсенбі, 31 Қаңтар 2017 17:20

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысының төрағалығымен облыс аумағында көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары  бойынша  ОҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметі мен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті.

  Жиында облыс аумағында көктемгі су тасқыны, сел, сырғыма, қар көшкінін алдын алу жұмыстары  және облыс аумағындағы су қоймаларының жағдайы талқыланды. Селекторлық мәжілісте болуы ықтимал көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша жауапты тұлғалардың баяндамасы тыңдалды. 

  Айта кетейік, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, 2016 жылы облыстың аумағы мен халқын су тасқынынан инженерлік қорғау үшін  664,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 6,21 шақырым арна түзеу және жаға бекіту жұмыстары жүргізілді. Ал 1,5 млрд. теңгеге жалпы ұзындығы 955 шақырым ирригациялық жүйенің су өткізу қабілеттігі күшейтіліп, жоқ жерлерге салынды. Сондай-ақ, осы жылы су тасқынның алдын алу мақсатына 856 млн. теңге бөлінді.

  Көктемгі су тасқынына қауіпті кезеңге облысты дайындау мақсатында, облыс көлемінде 6,36 шақырым қорғаныс бөгеті салынса, 325,3 шақырым қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Ал 36,3 шақырым бөгет жаңадан тұрғызылды. Және де  48,5 шақырым өзендердің жағалаулары бекітіліп, 668,1 шақырым арық-каналдармен 397 бірлік  су өткізу құбырлары тазаланды.

  Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, «Қазгидромет», «Қазсушар»  РМК, «Қазселденқорғау» ММ ОҚФ гидробекеттерінен су қоймалар мен өзендердегі су деңгейінің  толуы және ағындары бойынша күнделікті шұғыл ақпараттар алынады. Олардың мәлімдеуінше, қазіргі танда облыс аумағындағы су тасу жағдайы бір қалыпты, өзендердегі судың деңгейі аумалы күйдегі деңгейден төмен, су қоймаларында судың деңгейі орта есеппен жобалық мөлшерінің 30-35% құрайды.

  Жиынға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған өңір басшысы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары аясында әкімдіктер мен тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар беріп, қала, аудан әкімдері су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы мен қауіпті кезең аяқталғанға дейін жеке бақылауға алуын тапсырды. Сондай-ақ, өзендер мен су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізу қажеттігін міндеттеді.
 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

330 рет қаралды

Пікір жазу