"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ УНИВЕРСИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 05:37

 

Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев  Алматы қаласында өтіп жатқан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады.

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғап, Универсиада ойындарындарында жеткен жетістіктері үшін әкім  алғысын білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді. Сонымен қоса, алғыс хатпен марапаттап, қаржылай сыйлық табыс етті.

«Универсиада Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы және еліміздің  25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық іс-шарасына  бағаланып отыр. Бұл тарихи жеңіске бүкіл қазақ елі мен Елбасымыз және үш миллионға жуық тұрғыны бар оңтүстік жұрты да ерекше  қуанышқа бөленді. Спортшыларымыздың арқасында, жоғары деңгейдегі Әлемдік байрақты бәсекеде  еліміздің көк байрағы желбіреді.Сіздер біздің жігерлі күрес пен асқақ жеңістерге толы Ұлттық Рухымызды паш еттіңіздер. Сіздердің жеңістеріңіз  спортты дамытуға барлық жағдайды жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың спорт саласына деген қамқорлығының және қолдауының жарқын дәлелі»,-деді аймақ басшысы.

Алматы қаласында бастау алған жарыстың бірінші  күні ел қоржынына фристайл спортының акробатика тәсілімен секіруден жерлестеріміз Жібек Арапбаева күміс медаль ұтып алса,  Жанбота Алдабергенова қола медалге қол жеткізіп, ел құрамасын командалық есепте төртінші орынға шығарды. Ал, 31 қаңтар күні, Ж.Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек командалық сайыста алтын медалға  қол жеткізді.

Жерлестеріміздің Универсиада төрінде жасаған үлкен ерліктері үшін І орын алған спортшыларымызға үш миллион теңге, ІІ және ІІІ орын алған спортшыларымызға екі миллион теңге, ал жаттықтырушы Мұрат Аблятифовқа 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

Өз кезегінде спортшыларымыз алдағы Олимпиада ойындарында да жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, еліміздің көк байрағын желбірететіндеріне сенім білдірді. Сонымен қатар, спорттық додада қолдау көрсетіп, шынайы жанкүйер бола білген барша қазақстандықтар мен Оңтүстік жұртына  шынайы алғыстарын жеткізді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

418 рет қаралды

Пікір жазу