25Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДАҒЫ «АЛТЫН ДӘН» КОМПАНИЯСЫ ӨНІМДЕРІНІҢ 60 ПАЙЫЗЫ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Жұма, 03 Ақпан 2017 16:10

 

                                                                                                   

                       

                                                                                                                              

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі тамақ өнеркәсібіндегі тұтынушылардың басым бөлігі тұтынатын макарон, ұн және сүт өнімдерін жоғары сапада дайындайтын «Алтын дән» ЖШС-не арнайы барып, ондағы жұмыстармен танысты.

Серіктестікті аралау барысында облыс басшысы отандық өнімге мемлекеттік тапсырысты күшейтуге нақты жұмыс жоспарын құру керек екендігін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеуді тапсырды.  Сондай-ақ, кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында аймақ басшысы кəсіпкерлер үшін əкімшілік кедергілерді жою мақсатында нақты іс-шаралар қолға алынып, бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Компания сұранысы ең жоғары тағамдарды сапалы түрде өндірумен қатар, 1200-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мұндай компаниялар кәсіп ашып, жұмыс бастағысы келген азаматтарға тәп-тәуір үлгі деп білемін. Сондықтан, біз осы серіктестік секілді шағын және орта бизнес өкілдерін одан әрі көбейтіп, отандық өнімдер түрін көбейтуіміз керек», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кету керек, өз жұмысын 1998 жылы бастаған жергілікті «Алтын дән» кәсіпорны ел нарығында ұн және сүт өнімдерін өндіруде көшбасшылардың қатарында.

Бүгінгі таңда жұмыс күшін арттырған компания ұжымы «Қазақстанда жасалған» белгісі бар отандық өнімдеріміздің сапасымен Қазақстан нарығын ғана емес, алыс-жақын шет елдерді де мойындатып үлгерді. Серіктестікте жылына 8 мың тоннаға жуық макарон, 981 тонна сүт, 154 тонна ұн өнімдері өндірілсе, ұн өнімдерінің 60 пайызы көршілес мемлекеттерге экспортталады. Атап айтқанда, бұл өнімдер бүгінгі таңда Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстан мемлекеттерінде сұранысқа ие.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

257 рет қаралды

Пікір жазу