25Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮЛКІБАСТАҒЫ МАШАТ ӨЗЕНІНДЕ СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНБАҚ

Сейсенбі, 07 Ақпан 2017 04:50

 

Баламалы энергия көздері жобасы бойынша инновациялық жоба болып табылатын шағын су электр станциясын салу мақсатында Түркия Республикасынан келген инвесторлармен Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков кездесті.

Кездесуде аудан әкімі Түркия Республикасының «Индустриал» компаниясының қаржылық директоры Ильяс Кошасланға аудандағы  су және жел  арқылы  шағын электр энергиясын өндіретін станцияға қолайлы Машат, Арыс, Құлан өзендері және су қоймалары мен желдің басым бағыттары жайында таныстырды. Баламалы энергия көздерінің жасыл экономика саласындағы негізгі бөлігі екендігін айта келе, ауданда жобаға қолайлы болатын бағыт бойынша барлық қолдау шаралары жасалатынын жеткізді.

Түркия Республикасының «Индустриал» компаниясы  жалпы құны 2,0 млрд. теңгеге жуық, жалпы қуаттылығы 4,2 мВт  табиғи электр қуатын өндіретін су электр станциясын Машат өзені бойынан салуды жоспарлап отырғанын тілге тиек етті.

 

МӘЛІМЕТКЕ:

Машат өзенінің ұзындығы 60 км

Су алабының ауданы 550 км²

Су алабы Арыс алабы

Бастауы Алатау, Машат таулары

Координаттары 42°22′14″ с. е. 70°28′27″ ш. б. (G) (O) (Я)

Алатау, Машат тауларындағы бұлақтардан Иірсу өзені болып басталып, Машат тауының оңтүстік етегінде Машат өзеніне қосылады. Машат ауылы тұсында Арыс өзеніне құяды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас, Сайрам аудандарының аралығымен ағады. Арнасы тар, жағасы тік жарлы. Қар, жер асты суымен толығады. Суын егін суғаруға пайдаланады.

306 рет қаралды

Пікір жазу