"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТІҢ МЕГАПОЛИСКЕ АЙНАЛУ МҮМКІНДІГІ МОЛ

Сейсенбі, 07 Ақпан 2017 04:59

 

Бүгін барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулеріне орай, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың 2016 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде халық алдындағы жылдық есеп беру жиыны өтті. Есепті кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Ж.Түймебаев пен қалалық мәслихат депутаттары, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері және қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыс орталығында атқарылған жұмыстар жайын баяндаған шаһар басшысы қалада атқарылған жүйелі жұмыстар мен оңды өзгерістерді тілге тиек етіп, алдағы 2017 жылдың жұмыс жоспарын баяндады.Оның мәлімдеуінше, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылуының нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 327 млрд.теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 4 пайызға, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 23 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 14 пайызға өскен.

Мәселен, «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары  шеңберінде қалада 3 777 пәтерлі 64 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, есепті жылы 90 пәтерлі 2 коммуналдық, 216 пәтерлі жас отбасыларға арналған тұрғын үй мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» және «Бәйтерек development» арқылы 996 пәтерлі  32 тұрғын үй пайдалануға берілген. Осылайша,  1 302 отбасы тұрғын үймен, 35 отбасы жатақханамен қамтамасыз етілген. 

Есепті кездесуде қала басшысы бөлінген бюджеттің басым бөлігі, қаланың инжнерлік жүйелеріне, осы саланы дамытуға бағытталғанын мәлім етті. Яғни, 52 жобаның құрылысына 20 млрд.теңге қаржы бөлініп, 27-сі пайдалануға берілген. Тарқатып айтсақ,  Ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында 9 жобаның құрылысы жүргізіліп,  98 мың халқы бар 7 елді мекенде су құбырлары пайдалануға беріліп, таза суға қосылған халық саны 83 пайыздан 92 пайызға өсті. 

Ал энергетика саласында 9 жобаның құрылысы жүргізіліп, 68 мың халқы бар 6 елді мекен электр желісіне қосылды. Нәтижесінде, қамтылған халық саны 84 пайыздан 88 пайызға өскен. Сондай-ақ, 30 мың халқы бар 4 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізсе, жылу сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен 8,6 км жылу құбырлары қайта құрудан өтіп, пайдалануға берілген.

Есепті жиында жарыс сөзге шыққандар мен сауал жолдағандарды мұқият тыңдаған облыс басшысы көтерілген мәселелер рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

«Қалада үлкен жұмыстар атқарылған. Бұл жұмыстардың өзі төрт бағыттан тұрады республикалық, облыстық, қалалық және аудандық. Осы бағыттағы жұмыстардың  жүзеге асуына бір ғана қала әкімдігі емес, барша қала тұрғындары үлес қосты деп білемін. Біз барлығымыз еліміздің оның ішінде өңіріміздің дамуы жолында еңбек етіп келеміз. Кешегі Елбасының Үндеуі мен халыққа арнаған Жолдауы және Үкіметтің кеңейтілген отырысының да мақсаты осы. Ол елімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу. Осы орайда, қала басшылығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту керек. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер мен мақсаттарды Біз барлығымыз бірлесе жүзеге асырсақ сүйікті қаламызды заманауи мегаполиске айналдырамыз деп  сенемін»,-деді әкім.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

403 рет қаралды

Пікір жазу