24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«БІЗБЕН БІРГЕ» ЕРІКТІЛЕР МЕКТЕБІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТУДЕ

Дүйсенбі, 13 Ақпан 2017 10:17

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық "Жастар ресурстық орталығының" жанынан құрылған "Бізбен бірге" еріктілер мектебі суықта қала тұрғындары үшін еңбек ететін қызметкерлерге ыстық шәй таратып, алғысқа бөленді. 

 

 

Олар үлкенге құрмет көрсетуді принцип санайтын еріктілермен "Қайырымдылық-қарапайымдылықтан басталады" акциясын бастап,  күнделікті осындай шараларды ұйымдастыруды жоспарлауда. 

 

 

Аталмыш еріктілер мектебі Оңтүстік Қазақстан облысында 2014 жылдың тамыз айында іргесі қаланған.  «Еріктілер мектебіне» бүгінге дейін 4 мыңға жуық жас мүше болды. Бұл туралы облыстық жастар орталығынан хабарлайды.

Еріктілер негізінен аймақта қайырымдылық шараларымен қоса, жастар арасындағы ақпараттық үгіт насихат жұмыстарын атқарып келеді. Сонымен қатар, маргиналды жастар тобымен жұмыс істеумен бірге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, туризм бағытын дамытуға өз үлестерін қосып келеді. 

Мұндағы жастардың адамгершілікке, мейірімге толы істерге көңіл бөлуі, оның іске асырылуына атсалысулары – олардың елінің ертеңгі патриоттары болуларына жол ашары сөзсіз. Түрлі қоғамдық мәселелерді шешуге жастардың жұмылуы үлкен маңызға ие.

«Мысалы, 2015 жылы Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында облыс жастарына үндеуді осы еріктілер жасады. Нәтижесінде 7 тонна азық-түлік пен киім-кешек жинаған.

626 рет қаралды

Пікір жазу