24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бейсенбі, 23 Ақпан 2017 04:58

 

Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамының» 15 қадамына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №404 Жарлығын негізге ала отырып, облыста аттестаттаудың өткізілу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты. 

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаевтың төрағалығымен кешенді аттестаттау мәселелері бойынша облыстағы аумақтық департаменттердің және мемлекеттік кірістер департаментінің аудан, қалалардағы басқармаларының персоналды басқару қызметі өкілдерімен кездесу өтті. 

 

 

Кездесудің мақсаты – аттестаттаудың әңгімелесу кезеңінің жүзеге асырылу барысын егжей-тегжейлі түсіндіру болып табылады. 

 

 

Іс-шараға төрағалық еткен Ә.Көмекбаев «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізудің әңгімелесу кезеңінің өткізу тәртібін түсіндіре келе, аттестаттауды өткізу кезінде аттестаттау комиссияларының шешімдеріне түскен шағымдарды қарау бойынша мобильді топ құрылғандығын, яғни, аттестаттау комиссияларының шешімімен келіспеген кез-келген мемлекеттік қызметші мобильді топқа 8 (7252) 51-51-51 нөмірі арқылы шағым түсіруге болатындығын және осы ақпаратты мекеме қызметкерлеріне жеткізу қажеттігін хабарлады.

Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, іс-шара соңында аттестаттауға жататын «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін әңгімелесуден өткізу мен ұйымдастыру бойынша әдістемелік кітапшалар таратылды.

1026 рет қаралды

Пікір жазу