"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА 860 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

Дүйсенбі, 06 Наурыз 2017 07:36

 

Шығыс Қазақстан тұрғын үй құрылыс Шығыс Қазақстанда биыл 720 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жыл соңына дейін оның 350 мыңы пайдалануға берілмек. Құрылыстың дені Семей және Өскемен қалаларында жүріп жатыр. Шығыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қарқын алған.

Биыл өңірде 116 көппәтерлі үй салынып жатыр. Былтыр 94 үй салынған. Сапарғали Шәкенұлы ғұмырын құрылыс саласына арнаған жан. Оның айтуынша, мемлекет жастардың сапалы үйде тұруын қамтып қана қоймай, олардың құрылыс саласында шыңдалуына жағдай жасап отыр. Сапарғали Шәкенұлы, құрылысшы: - Жастарымыз үйрене түссін. Біз енді 30 жылдай істеп келе жатырмыз құрылыста. Жанымызда көбінесе жастар. Жастар ұмтылуда деп ойлаймын құрылысқа. Құрылыс дами берсін. 23 жасар Равиль Искаков бүгінде құрылыс учаскесінде басшылық етеді. Бұл оның 7-ші нысаны. Алғашқылардың бірі болып, инвестор тартқан. Бүгінде 600 адамды жұмыспен қамтып отыр. Басты жетістігі, сейсмикалық апатқа тұрақты жиналмалы-монолитті құрылыс технологиясымен 159 пәтерлі үйдің бой көтеруіне үлес қосып жүр. Равиль Искаков, құрылыс учаскесінің басшысы: - ШҚО бойынша бұл белсенділігі 9 балға салынған мұның бәрі. Бұл зауыт биік нәтиже береді, сапасы жоғары. Бастысы, қаһарлы қыс та құрылыстың тоқтауына себеп болмады.

Мәди Отарбаев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы: - Облыста Өскемен, Семейден бөлек, Риддер, Аягөз, Зайсан қалаларында да көппәтерлі үйлер салынады. Бірінші кезекте жалға берілетін үйлер салынбақ. Шағын жатақханалар да пайдалануға берілетін болады. Айтпақшы, 2016 жылы осындай екі жатақханада қоныс тойы тойланды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов жыл сайынғы құрылыс көлемін ұлғайтуды тапсырды. Жоспар бойынша келесі жылы 860 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақ.

996 рет қаралды

Пікір жазу