24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АҚТӨБЕДЕ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Дүйсенбі, 17 Сәуір 2017 14:25

 

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін әлеуметтік комиссия құрылды. Бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық мүшелері бір күндік жалақыларын аудару туралы ортақ шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе облысы төтенше жағдайларға биыл 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. Ол қыста қар жинау, көктемде су сору жұмыстары мен су тасқынының алдын алу, құтқару жұмыстарына жаратылып  жатыр. Көмектің бір бөлігі осы. Ал екінші көмек әлеуметтік бағытта. Бүгін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары Ләззат Оразбаева, Рузия Айдашева басқаратын арнайы комиссия құрылды.   «Ақтөбеде су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жергілікті әкімдік пен қоғамдық ұйым бірікті.Комиссия құрамы алдын ала бекітілген. Олар: ардагерлер мен ақыл беретін ақсақалдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен депутаттар, әртүрлі партия мүшелері, студенттер, блогерлер, журналистер. «Ақша қайда» деп есеп сұрайтындар, әртүрлі болжам айтып, сенімсіздікпен қарайтындар болады. Сондықтан неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Жұмыс көп, жұмыс күші ауадай қажет»,- деді қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева. Айта кетейік, комиссия отырысы кезінде ортақ есепшот ашылды. Ақтөбедегі іскер әйелдер қауымы көмектесуге дайын. Ал «Нұр Отан» партиясының мүшелері бір күндік жалақыны аударуға үндеу тастады. «Бұл ел басына түскен қиын кез. Біз қолдан келер көмекті беріп, баспанасыз қалған адамдарға асарлатып, қаржы жинауымыз керек. Партия мүшелері бір күндік жалақыларын аударады. Өңірде 43 мыңнан астам адам партияға мүше. Бәріне хабарландыру берілді. Өзге адамдарды осы бастаманы қолдауға шақырамыз»,- деді «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбай Әжібаев. Комиссияның негізгі жұмысы су тартылып, саяжайдағы үйлерге кіру мүмкіндігі берілген кезде жанданады. Әзірге, заттай, қаржылай көмек бір жерге жиналады. Өйткені мектептерге орналасқан адамдар қазір еріктілер мен қайырымды жандар тасып жатқан киім-кешек пен мүлікті алғанымен, оны қоятын жер таппайды.

730 рет қаралды

Пікір жазу