29Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР АФРИКА СОМЫН ӨСІРІП ЖАТЫР

Сәрсенбі, 19 Сәуір 2017 06:01

 

Аптап ыстықта өмір сүретін Африка сомын таулы Түлкібас өңірінің шаруалары қолға алып, бұлақ суында өсіріп жатыр.

Арнайы бассейіндерде мекен етіп жатқан балық Ресейден әкелінген. Бүгінде 100 мыңға жуық шабағы  бар шаруашылықта балықтарға  қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.

Мәселен, оларға арнайы жем дайындалып, қоректенділеді. Сонымен қатар, судың температурасын бірқалыпты сақтау үшін бассейіндерге арнайы жылу жүйесі орнатылған.

Арнайы күтіп бапталып өсірілген бір балықтың өзі 120 келіге дейін ет береді. Жерсінбей өсіп келе жатқан Африка сомын Төле би ауданы мен Түркістан, Шымкент қаласының тұрғындары сұраныс білдіріп, сатып алған. Шаруашылықтың негізгі мақсаты  шабақтарды қолдан көбейтіп, облыс халқын  ерекше балық етімен қамтамасыз ету.

Шаруашылық иесінің айтуынша, сом жайлы мәліметті интернеттен оқып, тіпті Ресей балықшыларынан тәжірибе алмасқан. Алдағы уақытта шаруашылық мемлекеттен берілетін несиеге қол жеткізіп, шаруашылық жұмысын ары қарай дамытуды жоспарлап отыр.
Жалпы Түлкібас ауданында бұрындары теңіздің ащы суында өсетін бекіре мен форель балықтарын өсірсе, енді міне африкалық сом өсіруді қолға алып отыр.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

692 рет қаралды

Пікір жазу