"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ӘКІМШІЛІК ТӘЖІРИБЕНІҢ РӘСІМДЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ

Жұма, 12 Мамыр 2017 15:49

 

2017 жылдың 12 мамыр күні «Азаматтық бақылау» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) мен облыстық ішкі істер департаменті (әрі қарай - ІІД) бірлескен «Әкімшілік тәжірибенің рәсімдерін автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың барысы турал» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

 

                                                                                                                                  

 

Іс-шараға облыстық және қалалық ішкі істер бөлімдері мен ІІД басқармаларының қызметкерлері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты  – азаматтардың мүдделерін қорғауға негізделген субъектілердің  маңызды рөлін көрсету. Жол қатынасының қатысушыларымен байланысты жою бойынша аймақтарда қабылданып жатқан тәжірибелік шаралар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі ережелерін қарастыру.  

 

 

 

 

Дөңгелек үстелде департамент басшысының орынбасары А.Шілманов мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің негізгі тәсілдерді түсіндірді.

Іс-шара соңында ішкі істер органдары салаларында жемқорлық көріністерін болдырмау міндеттері қойылып,  нақты ұсыныстар берілді.

 

Ақпаратты дайындаған Бекен Қоныс

 

 

993 рет қаралды

Пікір жазу