20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АТЫРАУДА «ЖАСЫЛ» ЭНЕРГЕТИКА БОЙЫНША 5 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 07:50

 

Атырау жасыл энергетика Ардақ Жуасов Атырауда «жасыл» энергетика технологиясы арқылы құны 140 млрд теңге болатын 5 жоба жүзеге асырылады. Келер жылы мұнайлы өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты мен күн энрегиясынан қуат өндіретін технопарктің құрылысы қолға алынады. Казіргі уақытта Атырау қаласы бойынша 100 шақырымдық қуат үнемдегіш жарық желісін тарту басталды. Бұл жүйе облыс орталығын ғана емес, жақын ауылдарды да қамтиды. Жобалардың барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында қолға алынған.  Ардақ Жуасов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:  - Қазіргі таңда 19 көшеге жарық жүргізілуде. Оған қоса Атырау қаласы бойынша 29 нысанда инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде. Соның ішінде 221 көшеге осындай түнгі жарық желісі жүргізілетін болады.

156 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « ОҚО-ДА ХАЛЫҚТЫҢ 95,5 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Пікір жазу