"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ДЕВАЛЬВАЦИЯ

Сейсенбі, 21 Қазан 2014 03:10

   Cарапшылар теңге жыл соңында тағы бір девальвациядан өтеді деген болжам жасауда. Halyk Finance экономистерінің айтуынша, долларға шаққандағы айырбас құны бүгінгі 182/5-183/2-ден  210 тг көтеріледі деп күтілуде.
  «Қазіргі кездегі елдегі қаржылық жағдай теңге девальвациясының қайталатындығынан хабар береді. Өйткені ұлттық валютамызға салмақ түсуде» дейді экономикалық шолу жасаушылар. Орын алып жатқан ахуал алдымен валюталық дағдарыстың салдары көрінеді. Сол себепті де жыл соңында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 210 тг келіп тұрақтауы мүмкін.  Ақша рыногындағы жағдайдың нашарлауы елдегі айырбас құнына қатысты саясатқа деген сенімнің төмендігі, яғни нарықта белсенді түрде ставкаларды қалыптастыруға деген құлшыныстың болмауынан деп түсіндереді сарапшылар. Соңғы уақыттарда жалғыз ғана валюта сатушы болған, ол қатысушы 632 млн $ долларды құрайтын валюталық сауда-саттық операциясын өткізген.  Ал, ақпан айындағы девальвация қоры көктемдегі жалақыны көтеруге және жаз-күз айындағы рубльдің құлдырап кетуі кезінде тепе-теңдікті ұстап тұруға ғана жетті. Сол себепті де рубль RUB/USD 1 ай ішінде 41,11 6% -ға арзандаған, ал, жыл бойына 20% -ға түскен. Ақша рыногында пайыздық ставкалардың түсуі байқалады осы күндері. Рубль бағамына қысым әлі де жоғары. Оған алдымен мұнай бағасы тарапынан жасалып отырған қысым әсер етуде. Қара алтынның баррельі қазір 85/8 АҚШ долларын құрайды. Ресейдің тығырыққа тірелуі біздің де бүйірімізге батып барады. Соған қарамастан РФ Экономика және даму министрлігі бұған дейін 2015-2017 жылдарға арнап рубль бағамына және мұнайға қатысты болжам индикаторларын қайта қарауға, өзгертуге асығар емес, тіпті ондай жоспарлары да жоқ. Солтүстік көршінің бұл әрекетінің салқыны бізге де тиетіні өкінішті-ақ...

1465 рет қаралды

Пікір жазу