"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАРЫ ЭКСПО КӨРМЕСІНЕ БИЛЕТТІ 45%-ҒА ДЕЙІНГІ ЖЕҢІЛДІКПЕН САТЫП АЛА АЛАДЫ

Жұма, 19 Мамыр 2017 16:09

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылары ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті 45%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. 2017 жылдың 14 мамырына дейін 2 225 билет сатылып үлгерді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ресми билеттің операторы болып табылатын «Кассир Қазақстан» ЖШС-мен (Kassir Kazakhstan) іс-шараларда қатысуды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасты.

Билеттік кассаларда және билеттерді сатудың электрондық порталы арқылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның пойыздарына билет сатып алғандар қалауынша аталмыш көрмеге билеттерді 45%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндігі бар.

Мысалға:

1) ЭКСПО-ға белгілі бір қойылған күн жұмыс күндеріне 1 билеттің құны 4000 тг, жол жүру билетін сатып алу кезінде – 2399 тг.

2) Күні қойылмаған жұмыс күндері 1 билет 6000 тг - 3488 тг.

3) Күні қойылмаған демалыс күндеріне арналған 1 билет 8000 тг. – 4569 тг.

Оған қоса «Тұлпар-Тальго» жедел пойызына арналған «Астана ЭКСПО-2017» дисконт карталарын сатып алған жолаушылар «ЭКСПО-2017» көрмесіне 1 рет тегін кіру құқығын алады.

Анықтама: 2017 жылдың соңына дейін Тулпар Тальго пойыздарына жүруге 15% жеңілдікпен + ЭКСПО-ға 1 билет сыйлыққа.

287 рет қаралды

Пікір жазу