25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ӨНЕРКӘСІП ЖӨНІНДЕГІ КОНСУЛЬТАТИВТІК КОМИТЕТ ОТЫРЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жұма, 19 Мамыр 2017 16:24

 

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияда Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің 13-отырысы өтті.

Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Бірінші вице-министрі А.Айдарбаев, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, «ҚИДИ» АҚ сарапшылары қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша «ЕАЭО жерді қашықтықтан барлау жер серіктерінің біріктірілген топтарына негізделген ғарыштық және геоақпараттық қызмет көрсету жөніндегі интеграцияланған жүйесін құру» мемлекетаралық жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары келісілді.

ЕАЭО аясындағы Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының мониторинг қорытындылары мен іске асыруды талдау туралы есепті дайындауға арналған ақпаратты ЕАЭО мүше мемлекеттермен ұсыну нысандары мақұлданды. Сонымен қатар, жүйе құрушы кәсіпорындардың тізбесі және Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асырудың мониторингін жүргізуге арналған сауалнама парағының нысаны мақұлданды.

Отырыста кооперациялық жобаларды Еуразиялық Даму Банкімен қаржыландыру үшін оларды қарастыру жөніндегі жұмыс тобының ережесі де қабылданды. Бұл механизм интеграциялық жобаларды қаржыландыруға жәрдемдесу және экономиканың нақты секторын дамытуды ынталандыруға бағытталған.

422 рет қаралды

Пікір жазу