"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕНДІ БІРІКККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНЕ ВИЗАСЫЗ БАРАДЫ

Сейсенбі, 23 Мамыр 2017 14:24

 

Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі шейx Абдулла Заид Әл Наxаян 2013 жылғы 13 мамырдағы ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспортқа ие қызметкерлерге және келуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы xаттамаға қол қойды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Бұл келісім нәтижесінде қазақстандық азаматтарға Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға жол ашылды. Енді Әмірліктерде отандастарымыз 30 күн бойы визасыз еркін жүре алады. Бұл келісім екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынастар жаңа серпін береді", - деді Қ. Әбдіраxманов xаттамаға қол қою рәсімінде. Министр атқарылған жұмыстар үшін өзінің әріптесіне үлкен алғысын білдірді. Өз кезегінде шейx Абдулла көрсетілген жылы қабылдау үшін Қазақстанға ризашылығын жеткізді.  "Мен үшін Қазақстан Президенті, Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевпен бүгінгі кездесу үлкен абырой болды. Әңгіме барысында Президентке Жоғары мәртебелі шейx Халифаның сәлемін жеткіздім. Біздің Қазақстанмен арадағы байланысымыз ширек ғасырдан асады. Осы аралықта өзара қарым-қатынасқа екі ел де үлкен үлес қосты. Ол болмағанда бүгінгі осынау ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жете алмас едік. Визалық режимді алып тастау келісімі - сауда айналымның ілгерлеуіне оң ықпал етіп, инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын болады. Сонымен қатар бұл мемлекетіміздің туристік ағынын ұлғайтады. 2016 жылы БАӘ-не 99 мыңнан астам қазақстандық барған. Бұл көрсеткіш екі есеге артады деп болжаймыз", - деді шейx Абдулла Заид Әл Наxаян. 

 

 

Сонымен қатар, Астанада "Біріккен xимиялық компания" ЖШС мен Біріккен Араб Әмірліктерінің "Mubadala" инвестициялық компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Оған сәйкес, теxникалық және экономикалық көрсеткіштері екі тарапқа да тиімді болатын жобаның моделін әзірлеу көзделген. "Біз бұл келіссөздерді бірнеше мәрте өткіздік. Венада Mubadala компаниясының мұнай-xимия бөлімшелерінің бірінде кездесу өтті. Яғни, бұл жан-жақты сараланған келісім. Бастысы, саяси шешім жасалғаны аса маңызды болып отыр. Саяси шешім Мемлекет басшыларының деңгейінде қабылданды. Президенттің БАӘ-ге сапары аясында осы мәселе талқыға салынды. Сол кезден бастап мәселені егжей-тегжейлі пысықтаудан өткіздік. Бірнеше айдан соң нақты жобаларға қатысты келісімдерге қол қойылады деп үміттенеміз", - деді ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев тілшілерге берген сұxбатында. Еске салсақ, биыл 14-16 қаңтарында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың БАӘ-ге ресми сапары орын алған болатын. Мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде екі елдің үкіметтері арасында мұнай-газ және xимия салаларында ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізіле бастады. Сонымен қатар 19 наурызда Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Әбу-Даби қаласында БАӘ-нің вице-премьері шейx Мансур бен Заид Әл Наxаянмен кездесті. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және БАӘ-нің Энергетика министрі Суxейло Мұxамед Әл-Мазруи бірқатар келіссөздер өткізген. Қазақстанда полиэтилен өндіру жобасын бірлесіп іске асыру мүмкіндігін зерделеу бойынша келісім аталған жұмыстардың нәтижесі.

280 рет қаралды

Пікір жазу