28Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАҢА РЕЙСТЕР АСТАНАНЫ ЕУРАЗИЯНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ТРАНЗИТТІК ХАБ РЕТІНДЕ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Сейсенбі, 30 Мамыр 2017 12:33

 

Бүгін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Талғат Ластаев Астана әуежайында Астана - Варшава әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Айта кету керек, Астана мен Варшава арасындағы тұрақты тікелей әуе байланысы алғаш рет ашылып отыр. Рейстерді аптасына 4 рет Boeing-737 әуе лайнері орындайтын болады. 

 

 

Т.Ластаев өз сөзінде жаңа халықаралық әуе рейстерін ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті осы елдердің авиациялық билігімен және өзіміздің әуе компаниялармен ауқымды бірлескен жұмыстар жүргізгенін атап өтті.

«Бұдан бөлек жақын күндері Астана-Киев, Астана-Ереван, жақын айларда Астана-Хельсенки, Астана – Будапешт және Астана-Дели жаңа әуе рейстері ашылатын болады. Осы рейстердің барлығы Астананы Еуразияның орталығындағы транзиттік хаб ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Біз жаңа терминалдың ашылуы мен әуежайдың қуаттылығын арттыру арқылы қазіргі жүктелген қарқынды одан әрі үдете түсетін боламыз»,-деп атап өтті Талғат Ластаев. 

 

 

Польшалық «LOT» әуе компаниясының төрағасы Рафал Мильчарскидің айтуынша, әуе компанияда бүгінге дейін Польшаны Орталық Азиямен байланыстыратын тікелей әуе рейсі болмаған.

«Қазақстан бүгінгі таңда аймақтың ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалық орталығы. Бұл ел Орталық Азиядағы стратегиялық серіктесіміз болғандықтан Қазақстан Республикасына жасалатын экспорт Польшаның сыртқы тауар айналымында маңызды рөл атқарады. Польша-Қазақстан тауар айналымы 2016 жылы 759,4 млн. долларды құрап, жоғары деңгейде сақталып отыр. Варшава – Астана арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуына байланысты бұл көрсеткіш арта түсетініне сенімім мол»,- деді Р.Мильчарски.

958 рет қаралды

Пікір жазу