"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕЛБАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНК ШЫҒАРҒАН АЛТЫН ҚҰЙМАЛАРДЫ БІРІНШІ БОЛЫП САТЫП АЛДЫ

Сәрсенбі, 31 Мамыр 2017 12:42

 

Қазақстанда халық арасында тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске қосылды деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев. Оның сөзіне жүгінсек, бұл жоба бойынша дайындық жұмыстары аяқталған, бүгіннен бастап алтын құймалар сатылымға шығарылады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Құймаларды Қазақстанның теңге сарайы қазақстандық шикізаттан жасап, төрт түрде ұсынған: 10, 20, 50 және 100 грамдық. Олар филиалдық желілері ауқымды, екінші деңгейлі банктер арқылы сатылады.

Данияр Ақышев құймалардың бағасы жөнінде де мәлімет беріп өтті. 10 грамдық құйма — 127 мың теңге, 20 грамдық құйма — 254 мың теңге, 50 грамдық құйма — 635 мың теңге, 100 грамдық құйма — 1270 мың теңге.

"Алтын құймаларды сатып алуда әлемдік нарықтағы алтын құны және ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты тәуекелдер бар. Алтын қымбаттап немесе арзандап кетуі де мүмкін. Сол себепті азаматтар инвестициялық шешімдерді өз беттерімін қабылдауы тиіс", — деп ескертті Ұлттық банк төрағасы.
Ұлттық банк басшысы атап өткендей, Қазақстанның теңге сарайы шығарған алтын құймалардың алғашқы сатып алушысы - мемлекет басшысы болды.

"Кеше Астанадағы Ұлттық банк бөлімінде президент атына алтын құймалардың барлық түрін — 10 грамнан 100 грамға дейін — сатып алуға кассалық кіріс ордері шығарылды. Азаматтарымыз да Елбасынан үлгі алып, алтын құймаларды сатып алады деп үміттенемін", — дейді Данияр Ақышев.

259 рет қаралды

Пікір жазу