21Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕЛІМІЗГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖАҢА СТРАТЕГИЯМЕН ІСКЕ АСПАҚШЫ

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:49

 

Осы айдың соңына дейін Инвестиция тарту жөніндегі ұлттық стратегия әзірленеді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңісбек Қасымбек мәлім етті.  «2016 жылдың қорытындысында тікелей шетел инвестициясының жиынтық көлемі 40 пайызға асып, 20,6 млрд. долларды құрады. Осылайша, біз экономика инвестициялауда оң динамикаға қол жеткіздік. ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес елдегі инвестициялық ахуалды жетілдіру жұмыстарын жалғастырудамыз. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың ақпан айында ЭЫДҰ кеңесі Қазақстанның ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және көпбейінді кәсіпорындар жөніндегі декларациясына, сонымен бірге «Ассоцииаланған мүше» ретінде ЭЫДҰ-ның инвестициялар жөніндегі комитетіне қосылуына мақұлдады», - деді ол. 

 

 

Оның айтуынша, барлық инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты енгізілген. Бүгінге ол зор сұранысқа ие болып отыр. Мәселен өткен жылы министрлікке 5500-ден астам өтініш түсіп, шамамен 8 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сонымен қатар Инвестициялық омбудсмен институты жұмыс істеп тұр. Оған да шетелдік және отандық инвесторлардан 50-ден астам өтініш түсіп, оның алтауында инвесторлардың пайдасына шешім шығарылған. «Біз сыртқы деңгейдегі инвестиция тарту жұмыстарын күшейттік. Атап айтқанда, 10 басымдыққа ие ел бойынша арнаулы кеңесшілерді анықтадық. Өңірлік деңгейде облыс әкімдерінің басшылығымен Инвестиция тарту жөніндегі кеңестер құрылды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвестиция тарту жүйесін қайта форматтау жұмыстарын бастадық. Бұл ретте министрліктің алдында бірқатар нақты міндеттер тұр. Ағымдағы жылғы маусым айының соңына дейін Инвестиция тарту жөніндегі ұлттық стратегия әзірленетін болады. Бұл жұмыстарға Дүниежүзілік банк сарапшыларын тарттық», - деді Жеңіс Қасымбек.

611 рет қаралды

Пікір жазу