"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КОРЕЯНЫҢ «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ. АҚЫЛДЫ ӨМІР» ИДЕЯСЫ ЖҰРТТЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

Жұма, 23 Маусым 2017 08:56

 

Ашылу салтанатына Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, павильонның комиссары Ким Дэ Шик, КОТРА директоры Ким Дже Хонг және тағы басқа қонақтар қатысты.

Ким Дже Хонг мұнайдың энергия көзі ретіндегі рөлінің азайғанын, керісінше баламалы энергия дәуірінің басталғанын айтты.

 

 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Көрменің тақырыбы да ерекше. Қазақстанның жері қазба байлыққа толы. Алайда 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жасыл технологиялар саласына баса мән беретіндігін мәлімдеді. Бұл қадам өте маңызды. Себебі, біз мұнайдың энергия көзі ретіндегі рөлі азайған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Бізге баламалы энергияның жаңа көздерін табу өте өзекті. Мен «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтуі орынды деп ойлаймын», - деді ол.

 

 

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, павильон комиссары Ким Дэ Шик «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңызын атап, ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі.

«ЭКСПО-2017 – аталған тақырыпқа сай ерекше технологиямен бөлусі мүмкіндігі. Әр ел өзінің мәдени құндылықтарын да паш етеді. Бізге осындай платформа ұсынып отырған Қазақстанға алғысымызды білдіреміз. Биыл Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы қатынастың 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл – екі ел арасындағы мызғымас байланыстың белгісі. Сондықтан Қазақстанның – стратегиялық әріптесіміз. Сондықтан да ЭКСПО-2017 көрмесі Кореяның озық технологиясын әлемге танытуға мүмкіндік береді деп сенемін», - деді ол.

Корея Республикасы павильонының көлемі 1 804 шаршы метр. Көрмедегі ең үлкен павильондардың бірі. Аумағы 2 қабаттан тұрады.

Бірінші қабатта жанды сурет шоуы, лед экранмен бірлескен қойылым, Корея Республикасының энергетика саласындағы шешімдері мен баламалы энергия саласындағы технологиялары таныстырылды.

Келесі залда энергетикалық орманға кіруге болады. Қонақтарға арнайы планшет беріліп, сол арқылы болашақ энергия көздеріне арналған арнайы ойындар ойнады. Сондай-ақ, бұл залда сумен жүретін машина, энергия көзінен қуат алатын ұшақтың макеті қойылған.

Оңтүстіккореялық танымал суретші Ким Джонг Ги туындысы қойылып, көрерменнің көңілінен шықты. Анимациялық шоуда қазақ баласы ұшақпен келе жатып, отыны таусылып қалады. Кореялық қыз одан бас тартуға шақырып, Оңтүстік Кореяға саяхат жасатады. Жаңа технологиямен таныстырады. Онда табиғатты құтқаруда жаңа баламалы қуат көздерінің маңызды екендігі көрсетіледі.

Екінші қабатта Корея мәдениетімен танысып, кореялық дәмханадан дәм татып, кәдесый дүкенін аралауға болады.

448 рет қаралды

Пікір жазу