21Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КӨРМЕ АЯСЫНДА ҮРІМШІГЕ ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ

Жұма, 23 Маусым 2017 12:30

 

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ және Қытай темір жолы арасындағы уағдаластыққа сәйкес «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде Алтынкөл (ҚР) – Қорғас (ҚХР) шекара бекеттері арқылы «Астана-Алматы-Үрімші» бағыты бойынша темір жол байланысы ұйымдастырылды.

Алтынкөл рельстерінің ені әртүрлі екі елді байланыстырып жатқан ірі станция болып табылады. «Осы жерде екі пойыз паралель жолдарға қатар тұрып бір біріндегі жолаушылармен алмасады. Яғни, біздің жолаушылар қытайлық пойызға отырып, ондағы туристер біздің пойызға ауысып мінеді. Дәл сол кезде жолаушылар шекара мен кеден тексеруінен де өтіп үлгереді. Бұл уақытты үнемдейтін ең оңтайлы тәсіл,-дейді пойыз бастығы Эльвира Таштырова.

 

 

Пойыз Алматы арқылы Алтынкөл теміржол торабына барады. Теміржол рельстерінің табаны әртүрлі болып келетін Қазақстан және Қытай пойыздары осы жерде түйісіп, жолаушылар вагон алмастырады. Қазақстаннан барған пойыздың жолаушылары ары қарай Қытай пойыздарына отырады, ал Қазақстанға келетін қытайлық жолаушылар қазақстандық пойыздарға ауысып отырады.

Пойыз 31 отандық «Тұлпар-Тальго» вагондарынанан құралған және күн сайын қатынайды.

Осы сапармен келген Үрімші жолаушысы М. Жүсіпов айтуынша, «Біз Астанада жаңа үлгідегі вокзал салынып жатқандығын теледидардан көріп, естіп жүрдік. Бірақ осыншалықты ғажайып екендігін алғашқылардың бірі болып өз көзімізбен көрдік. Мұнда біз жаңа үлгідегі пойызбен келдік. Вокзал ғажайып үлкен екен. Барлығы да жаңа технология бойынша салынған. Біздің ойымызша, ЭКСПО-2017 қонақтарын лайықты қарсы алады»,-дейді М. Жүсіпов.

Вокзал кешені бастығының кезекші көмекшісі Е. Рымбаевтың айтуынша, мұнда жұмыс жасау жас мамандар үшін өз мүмкіндігін барынша көрсетуге ыңғайлы.

822 рет қаралды

Пікір жазу