Басып шығаруға арналған нұсқасы

АСТАНА МЕН ДЕЛИ АРАСЫН ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАЛҒАЙДЫ

Сейсенбі, 04 Шілде 2017 10:43

 

2017 жылдың 2 шілдесінде мамандандырылған EXPO-2017 халықаралық көрмесіне келушілерге жағдай жасау мақсатында «Эйр Астана» әуе компаниясы орындайтын Астана –Дели бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің ашылуы болды.

Қазақстан мен Үндістанның астанасын байланыстыратын рейс аптасына жиілі 3 рет, дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Жаңа халықаралық рейс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға дейін еліміз арқылы өтетін транзиттік жолаушылар ағынын 4 есеге дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асуда.

 

 

Соңғы 7 жылда транзиттік әуе жолаушылар ағыны 20 есеге артты. Перспективалы бағыттардың бірі Үндістаннан Қазақстан арқылы ТМД елдеріне бағытталған транзиттік жолаушылар маршруты болып табылады. Астаналар арасына қатынайтын рейс 2004 жылдан бері «Эйр Астана» әуе компаниясы орындап келе жатқан Алматы – Дели – Алматы рейсін толықтыратын тиімді жоба.

Сондай-ақ, аталмыш рейс Халықаралық Астана қаржы орталығын (ХАҚО) дамытуда іскерлік белсенділігін ынталандыру үшін қызмет ететін болады.
Айта кету керек, бұл халықаралық рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Үндістанның авиациялық билігі бірлесе жұмыс атқарды.

Елордамызда өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқысы келген барлық шетелдіктер мен өз меймандарымыз үшін көлік мәселесі осылайша рет-ретімен шешіліп жатыр. Яғни, Қазақстанға көрмеге келем деушілерге, әрптестік орнатуды мақсат тұтқан іскер адамдарға еш кедергі жоқ деуге болады. Үндістанмен өзара сауда, экономикалық, мәдени және достық қарым-қатынастар бұған дейін де қалыптасқан, дегенмен Астана мен Дели арасына ашылған тікелей халықаралық рейс өзара ортақ мүдделерді, жаңа идеяларды біріге жүзеге асыруға тағы бір мүмкіндік ашып отыр.

921 рет қаралды