27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АСТАНА» ХҚО БИРЖАСЫ ЭКСПО-2017 –ДЕН КЕЙІН ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ КӨЗДЕЙДІ

Сәрсенбі, 30 Тамыз 2017 07:50

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы келесі жылдан бастап толыққанды жұмыс істей бастайды. Қазіргі кезде Орталықтың құқықтық жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Халықаралық қаржы орталығының биржасын құру жұмыстары да аяқталып келеді. Негізгі әріптестер де анықталды. Шанхай биржасы жаңа биржаның басты акционері болмақ. Осының арқасында Қытайдың инвестициясын кеңінен тартуға мүмкіндік бар. Ал АҚШ-тың NASDAQ биржасы технологиялық платформаны жасақтайтын болады. NASDAQ да жаңа биржаның капиталына кіру мәселесін қарастырып жатыр», - деді Ж. Қасымбек ҚР Президенті жанындағы  Шетелдік инвесторлар кеңесінің бүгінгі отырысында. Министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында «Астана»  халықаралық қаржы орталығының биржасы алғашқы сауда-саттықты жүргізуге дайын болады. Соның негізінде «Самұрық-Қазынаның» ірі активтерін жекешелендіру жұмысы атқарылады.  «Бұдан бөлек, «Астана» халықаралық қаржы орталығы ислам және «жасыл» инвестициялардың аймақтық хабына айналады. Ал 2018 жылы 300 млн доллар көлемінде «сукук» атты ислам құнды қағаздарын шығару жоспарланып отыр», - деп атап көрсетті Жеңіс Қасымбек. Осы тұста Қазақстанның инвестициялық ахуалын қазіргіден де жақсартуға ЭКСПО- 2017 көрмесінің ықпалы мол болды деп айтуға негіз бар. Халықаралық көрмені ұйымдастыруда, оны жан-жақты мемлекеттік шара тұрғысынан қолдау, қонақтары қарсы алу, қауіпсіздік мәселелеріне және де басқа жан-жақты қамтамасыз ету ісіне жауап берген ҚР Инвестициялар және даму министрлігі атылмыш міндетті ойдағыдай орындауда. Ендеше келесі жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы осы істерді ары қарай жалғастырады.

205 рет қаралды

Пікір жазу