27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТОРЛАР ТЕКСЕРІСІ ШЕКТЕЛМЕКШІ

Сәрсенбі, 30 Тамыз 2017 07:56

 

Инвестициялар және даму министрлігі мен Бас прокуратура Қазақстанда инвесторлар қызметін тексеруді қысқарту жөніндегі жоспарды әзірлеп жатыр. Бұл туралы аталған министрліктің басшысы Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік органдар тарапынан инвесторлар қызметін тексеруді қысқарту бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп кешенді жоспар даярланады.

Сонымен қатар инвесторлар шағымдары мен проблемаларын қадағалау және жүйелік сәйкестендірудің жаңа тетігі іске қосылады. Проблемалар туындаған кезде аталған ақпараттық жүйе дер кезінде тиісті мемлекеттік органдарға хабар береді», - деді Ж. Қасымбек. Атап айтқанда бұл шаралар 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияда қамтылған.

 

 

Министрдің сөзіне қарағанда, инвесторлар құқықтарын қорғау саласында заңнаманы жетілдіру бағытында инвестициялық омбудсменнің рөлін күшейту қадамы қарастырылған. «Бұдан бөлек, шетелдік инвесторлардың «Астана» халықаралық қаржы орталығы сот жүйесіне қолжетімдігін қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылуда", - деді ол. ЭКСПО-2017 халықаралық көрме барысында да еліміздің инвестициялық ахуалына қатысты мәселелер қаншалықты маңызды екені тағы да айқындық берген.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің отырысында 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия бекітілді. Сонымен қатар Қазақстанда инвесторлардың жұмысын жеңілдету үшін Инвестициялық жобалардың картасы енгізіледі. Министрдің сөзіне қарағанда, аталған карта екі топқа бөлінеді, яғни инвесторларға ұсыну үшін перспективалы инвестициялық жобалар және инвесторлар тартылған жобалар бағытында жіктеледі.

«Бұл карта инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды мониторингілеудің басты тетігіне айналады, сондай-ақ инвестиция тартуда мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың және әкімдіктер жұмысын бағалаудың тиімді жүйесі болады», - дейді министр.

223 рет қаралды

Пікір жазу