17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

30 ЕЛДІҢ ТӘУЕЛСІЗ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЛАРЫ АСТАНАДА ЖИНАЛМАҚ

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017 06:01

 

5-7 қыркүйек аралығында Астана қаласында Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумының (International Forum of Sovereign Wealth Funds - бұдан былай IFSWF) отырысы өтеді. Жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады деп жоспарланған, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ баспасөз қызметі. IFSWF жыл сайынғы отырысына 30 мемлекеттен тәуелсіз қорлардың өкілдері қатысады. Олардың арасында Сингапурдың тәуелсіз әл-ауқат қоры, Қытайдың инвестициялық корпорациясы China Investment Corporation, Әбу-Дабидің тәуелсіз қоры Abu-Dhabi Investment Authority, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры, Малайзияның  Khazanah ұлттық қоры, Италияның Cassa Depositi стратегиялық қоры, Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай қоры және басқалары бар. Сонымен қатар отырыстың спикерлері мен қонақтары арасында The Boston Consulting Group, Pricewaterhouse Coopers, Goldman Sachs, General Electric және әлемдегі танымал компаниялардың өкілдері болады деп күтілуде. Тәуелсіз әл-ауқат қорларының өкілдері сандық экономиканы дамытуды, тәуелсіз әл-ауқат қорларын дамытудың бағыттарын, сәтті өткен жекешелендірудің мысалдарын және оларды жүзеге асыруда қорлардың рөлін, сонымен қатар Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының мүмкіндіктерін кеңінен талқылайды.  IFSWF жұмыс комитеттері жабық есік жағдайында бас қосатындықтан, ашық үлгідегі панельдік сессиялар 6 және 7 қыркүйек күндері өтеді. Жиынның БАҚ үшін ашық бөлігі 6-шы қыркүйек күні сағат 16:00 ұйымдастырылатын баспасөз мәслихатынан басталады.

537 рет қаралды

Пікір жазу