27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ БОЛДЫ

Сәрсенбі, 06 Қыркүйек 2017 00:00

 

Бүгін Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Француз Республикасының сыртқы істер және Еуропа Министрі жанындағы Мемлекеттік хатшысы Жан-Батист Лемуанның қатысуымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Француз үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті.

 

 

Үкіметаралық комиссия отырысында сауда мен инвестиция, энергетика, соның ішінде жаңартылған энергия көздері, ғарыштық қызмет, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және тағы басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

 

Жеңіс Қасымбек өз сөзінде Францияның мамандандырылған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуы екі елдің өзара іс-қимылының жоғары деңгейде екенін және жаһандық тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұстанымдарының бір екенін айғақтайды, деп атап өтті.

Расында да, халықаралық көрмеде француздар белсенділік танытты, адамзаттың  болашақ энергиясын дамыту, игілікке, тиімділікке пайдалану жолдарын ұсынған. ЭКСПО қонақтары да Франция көрмесіне тәнті болғанын жасырмады.

«Қуатты экономикалық әлеуетке ие Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы тауар айналымның өсім динамикасы қарқынды. 2017 жылдың 6 айында Қазақстан мен Франция арасындағы сыртқы сауда айналым 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,9%-ға жоғары», - деді Жеңіс Қасымбек.

Франция Қазақстанның негізгі сауда серіктестері тізімінде 5-ші орынды иеленеді. Сонымен қатар, Франция Қазақстанға инвестиция салу деңгейі бойынша да 5-ші орында. Бұл ел соңғы 12 жылда Қазақстанға 13,6 млрд. доллар инвестиция салған.

Тараптар келесі үкіметаралық комиссияның отырысын Францияда өткізуге уағдаласты. Өтетін орны мен нақты уақыты дипломатиялық каналдар арқылы қосымша келісілетін болады.

142 рет қаралды

Пікір жазу