19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ ҚЫТАЙ КӨРМЕСІНДЕ

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 11:12

 

Наньнин (КХР) қаласында «Қытай - АСЕАН» ЭКСПО көрмесінде Қазақстан павильонының салтанатты ашылуы болды. Қазақстанның алдыңғы қатарлы компаниялары «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ірі халықаралық алаңда өздерінің өнімдерін көрсетті.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев және т.б. қатысты. 

 

 

Қазақстанның ұлттық павильонына 20 стенд қойылды. Ол жерде еліміздегі «Рахат» АҚ, «Цесна Астык» Концерні, «Евразия Инвест LTD» ЖШС, "Қаржау" шаруа қожалығы, «Абзал және  Компания» серіктестігі, «ТК Фарм-Ақтөбе» ЖШС, «Қазақ Туризм» ұлттық компаниясы, «Бал Текстиль» компаниясы, ASIA WATERS, «Eurasian Foods Corporation» холдингі, «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС, «Карат» ЖШС, «ҚТЖ»ҰК» АҚ, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Аллюр Групп», «Кэмонт»АҚ, «Казфосфат»ЖШС, «TENIR-LOGISTIC» ЖШС сияқты өнім шығарушылардың әртүрлі өнімдері таныстырылды.

«Көрме аясында қазақстандық инвестициялық әлеует көрініс тапты. Біз қытайлық компанияларға «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның мүмкіндіктерін көрсеттік»,- деді Мақсат Қабашев.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында қазіргі таңда 27 млрд. доллардың 50 жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ, көрме алаңында жаңа компаниялармен және әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Бұл көрме Қытай мен АСЕАН елдері арасындағы сауданы арттыру және инвестициялық компанияларды іске асыру үшін қытайлық серіктестермен байланыс орнату үшін маңызды платформа болады. Болашақ инвесторлар халықаралық өндірістік әлеует және жабдықтар өндірісі, келісім-шарттарды орналастыру, табиғи ресурстарды игеру, энергетика және қоршаған ортаны қорғау, заманауи технологиялар, өнеркәсіптік парктер мен қаржылық қызмет көрсетулерге инвестициялар салуды дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша талқылау жүргізе алады.

Көрменің негізгі мақсаты – Қытай мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланысты кеңейту және нығайту, қазақстандық өнімді Қытайға және басқа елдерге ұсыну.

277 рет қаралды

Пікір жазу