27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«EXPO-2017» КӨРМЕСІ КЕЗІНДЕ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН 1,4 МЛН АСТАМ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 11:36

 

«ЕХРО-2017» көрмесі кезінде теміржол көлігімен Астана қаласына жолаушыларды тасымалдау өсімі облысаралық бағыттар бойынша 23%-ға, ал халықаралық бағыттар бойынша 10%-ға ұлғайды.

Атап айтқанда, Астана қаласына теміржол көлігімен 1,46 млн. жолаушы келді. Еліміздің аймақтарынан 1,43 млн. жолаушы, ТМД мемлекеттерінен    31,3 мың жолаушы келді.

Халықаралық көрме аясында Қазақстан мен көптеген шет мемлекеттерге әуе рейстері де ашылып, оның қауіпсіз әрі жайлы болуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Бұл міндет ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құзырында өтті. Көрме аяқталған сәтте тапсырма ойдағыдай іске асырылды деуге әбден болады. 

Жолаушылар көп келген аймақтар да анықталды. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 245 мың жолаушы, оңтүстік аймақтардан 207 мың, Павлодар облысынан 176 мың, Ақмола облысынан 173 мың, Қостанай облысынан 160 мың, Қарағанды облысынан 125 мың және Шығыс Қазақстан облысынан 105 мың жолаушы сапарлаған.

Сонымен қатар, Ақтөбе мен Атырау облыстарынан қатынайтын пойыздармен сапарлаған жолаушылар саны артқан. Бұл кезеңде Астанаға Ақтөбеден 57 мың, Атыраудан 47 мың жолаушы келген.

Айта кету керек, көрме ұйымдастырылған кезеңде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін Астана қаласына жүретін бағыттардың саны 44-тен 57-ге дейін көбейтіліп, 13 жолаушылар және қала маңы пойыздары іске қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру болды.

100 рет қаралды

Пікір жазу