"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ИНДУСТРИЯ 4.0 ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 12:20

 

Бүгін Астанадағы Машинажасаушылар форумы аясында «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Инвестициялар және даму министрлігінің, «NOKIA Казахстан»,  немістің «Fraunhofer» қолданбалы зерттеу институтының, «Назарбаев Университетінің» өкілдері, шетелдік сарапшылар, даму институттарының өкілдері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қаумдастықтардың, консалтингтік компаниялардың, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты. 

 

 

Іс-шараға қатысушылар Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін – цифрлы технологияны әзірлеу мен енгізу бөлігі бойынша бизнесті қолдау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттырудың және өнім мен қызметтің өзіндік құнын төмендету құралдары мен әдістемелерінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Өз сөзінде Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев өнеркәсіп саласына Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

«Өндіріске цифрлы технологияны енгізу отандық кәсіпорындардың үлкен жетістіктерінің бір болады. Мына жаһандық қарқынды бәсеке жағдайында Қазақстанға технологиялық тұрғыда артта қалып қалмау ғана емес, сонымен бірге, еңбек өнімділігін арттыру мен өнімнің кастомизациясы арқылы жаңа нарық кеңістігін жауалап алу маңызды»,-деп атап өтті А.Айдарбаев.

«ҚИДИ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Сәбит Суханов Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін қосатын 2025 жылға дейінгі техникалық қайта жарақтану кешенді шарасын әзірлеу мен іске асыру мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, бұл бағытта қаржыландырудың, біліктілігі жоғары маманның тапшылығы және цифрландырудың тиімділігін түсінбеушілік сияқты кедергілер бар.

Қазақстанда Индустрия 4.0 технологиясын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттердің ішінде тиісті инфрақұрылымды дамыту мәселелері көрсетілген: өнеркәсіптік интернетті дамытудың құқықтық жағдайын құру, кәсіпорындардың жоғары жылдамдықты интенрнетке қолжетімділігін қамтамасыз ету, адами капитал мен 4.0 біліктілігін дамыту.

Жаңа бағдарлама мен қолданыстағы мамандарды дайындау бағдарламасының мазмұнында STEM-ге назар аударылған (ғылым, технология, инжиниринг, математика).

NOKIA Europe аға вице-президенті, DIGITALEUROPE президенті Маркус Борхерт пен «NOKIA Казахстан» Бас директоры Михаил Нам болашақтың цифрлы фабрикасы туралы айтты. «SIEMENS PLM Software» компаниясының ТМД-ғы сату жөніндегі директоры Андрей Петрушин машинажасау кешені кәсіпорындарындағы цифрлы трансформация мәселелерін қозғап, көшбасшы өнеркәсіптерді мысалға келтірді.

Немістің «Fraunhofer IFF» халықаралық зерттеу орталығының жетекшісі Кристиан Блобнер өз баяндамасында Индустрия 4.0 элементтерін енгізген кездегі қазақстандық компаниялардың перспективаларын қалай болатынын көрсетті.

2021 рет қаралды

Пікір жазу