13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨНІМДЕРІ 110 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Сенбі, 23 Қыркүйек 2017 07:18

 

Бүгінгі таңда Қазақстан отандық өндіріс өнімдерімен елімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, сыртқы нарыққа шығуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын баяндаған партиялық тыңдауда айтты.

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорт көлемі 7,5 млрд. долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артты.

Министрдің айтуынша, Қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 110 елге экспортталады. Бірқатар тауар түрлері үшін жаңа өткізу нарықтары ашылды.
Алғаш рет Lada Niva жеңіл автокөлігі ҚХР мен БАӘ-не (6 айда 672 бірлік), Тәжікстанға JAC автокөлігі (6 айда 76 бірлік) экспортталды. Ауыл шаруашылық машинажасау өнімдері бойынша «ДонМар» компаниясы шығаратын дестелегіш алғаш рет Ресейге экспортталды (2016 жылы 22 бірлік).

Мемлекеттік бағдарлама іске асырылған 7 жылда өңделген тауар экспортының номенклатураларының атқаны байқалып отыр ( 777-ден 876 тауарға дейін).
Локомотивті өндіру және Әзірбайжан мен Тәжікстанға экспорттау жолға қойылды (90 млн. АҚШ долларына  40 локомотивов, «ЛКЗ» АҚ), бу қазандықтарының бөлшектері Ресей мен Өзбекстанға (34,4 млн. долл.), алюминий профильдері Өзбекстанға (2145 тонн, 4,4 млн. АҚШ долл.), ауыстырушы стрелка ( 2016 ж. Проммашкомплект, 73 комплект) және құбыр арқылы өткізуші арматуралар Ресейге (2016 ж., УКАЗ 11,6 млн. АҚШ долл.) экспортталды.

407 рет қаралды

Пікір жазу