"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОРАЛҒА ЖАҢА ЖҮРДЕК ПОЙЫЗДАР ШЫҚТЫ

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек 2017 11:04

 

«Астана-Орал» арасына қатынайтын «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы «Астана-Нұрлы жол» стансасынан жолға шықты. Жолаушылар жолда 26 сағат 14 минутты құрайды. Сонымен қатар кешке «Алматы-2» стансасынан «Алматы-Орал» арасын жалғайтын тағы бір жаңа бағытта жүрдек пойыз алғашқы сапарына шықпақ. «Алматы-Орал» бағытындағы жүрдек пойыз жолдп 37 сағат 11 минут жүреді екен.  Бұл еліміздегі қуанышты хабарлардың бірі, әрине.  Оралға Алматыдан қатынайтын жүрдек пойыз тақ күндері жүрсе, «Астана-Орал» жұп күндері жолға шығады.

Бұрын осы бағытта қатынайтын пойыз жолаушыларына Жайсан (ҚР), Илецк (РФ) және Шыңғырлау (ҚР) станцияларында шекаралық бақылау жүргізіліп, мазасын да, уақытын да алатын. Енді мұндай кедергілер болмайды. Жаңа бағыттың іске қосылуымен Батыс Қазақстан облысы мен орталық және оңтүстік өңірлер арасында қатынайтын жолаушылар басқа пойыздармен салыстырғанда уақытын 22 және 13 сағатқа дейін қысқартып, межелеген жеріне еш кедергісіз ерте жететін болады.

Пойыздар құрамы өз елімізде шығарылған «Тұлпар-Тальго» 27 вагоннан құрылған. Онда «Бизнес» және «Гранд» класстық 2 вагон, 18 купе-вагондар, 2 техникалық вагон мен екі мейрамхана-вагондары бар. Пойызда науқас адамдар жағдайы да қарастырылған, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы. 

Вагондарда жолаушыларға барлық жағдай жасалған, бағасы да қолжетімді.

Айта кетерлігі, аталған бағыттағы жаңа пойыздар Қазақстан президенті Н. Назарбаев пен Ресей президенті В. Путин арасындағы кездесу нәтижесінде қол жеткізілген былтырғы келісімдерге сәйкес іске асырылып отыр. Ол келісім бойынша Қазақстан-Ресей шекарасында, екі ел аумағында жүрдек пойыздардағы екі мемлекет жолаушылары бақылау рәсімінсіз қатынауына мүмкіндік алды.

175 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ИПОТЕКАНЫ БЕРУ БАСТАЛДЫ

Пікір жазу