13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТАУ-КЕН ӨНДІРУ СЕКТОРЫ 4.0 ТЕХНОЛОГИЯСЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН ?

Бейсенбі, 23 Қараша 2017 09:44

 

Фраунгофер атындағықолданбалы зерттеулер институты мен Швецияның тау-кен кластері мамандарыжәне Nokia компаниясының сарапшылары Қазақстан өнеркәсібініңИндустрия 4.0 технологиясына өту дайындығы бойынша талдау жүргізді. ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың айтуынша, Индустрия 4.0-ге көшуге дайын өңдеу өнеркәсібі мен ТМК кәсіпорындарының 600-ден астамы зерттелді.

«Зерттеу нәтижелері бойынша отандық өнеркәсіпті автоматтандыру мен цифрландыру тұрғысынан айтарлықтай мүмкіндіктер бар екені анықталды. Өңдеу өнеркәсібінің шамамен 20%-ы Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге қажетті технологиялық, ұйымдастырушылық және кадрлық базаға ие. Тау-кен өнеркәсібінде жағдай әлдеқайда жақсы. Онда бұл көрсеткіш шамамен 40%»,-деді Алик Айдарбаев.

Сондай-ақ, талдау барысында, Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге кедергі болатын фаторлар анықталды.

Бұған цифрландырудың экономикалық артықшылықтарын түсінбеу, цифрландырудағы автоматтандырылған отандық әзірлемелердің және құзыреттіліктердің нашар дамуы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қаржылық ресурстардың шектеулілігі және инфрақұрылымдық шектеулер жатады.

Индустрия 4.0 технологиясын енгізуді кеңінен таныту және бизнестке септесу үшін көрсетілім алаңына айналатын цифрлы фабрикалар құрылады.

«Жыл соңына дейін пилоттық жобаны іске асыратын кәсіпорындар іріктеледі. Мұндағы іріктеу критерийлеріне өндірістің техникалық жағдайына ғана емес, кәсіпорынның өзі цифрлық технологияларды одан әрі енгізуге және кәсіптік дағдыларды дамыту дайындығы, кадрлардың біліктілігі де кіреді. Әрбір таңдалған кәсіпорын үшін кешенді техникалық аудит өткізіледі. Бұл әр жағдайда цифрлау мүмкіндігін көрсетеді. Тиісінше, цифрландыру үшін тиісті жол карталары әзірленетін болады»,-деді бірінші вице-министр.

Бұл жобаны жүзеге асыру: отандық техникалық мамандардың құзыреттілігін арттырады және нақты жобаларды іске асыру тәжірибесіне практикалық кедергілерді анықтайды.

173 рет қаралды

Пікір жазу