"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҒЫНАН ҚҰТЫЛМАҚ

Дүйсенбі, 03 Қараша 2014 07:05

   

 

  Биыл Байылдыр кен қалдықтар сақтау қоймасын консервациялау жұмыстары аяқталды деді, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев атқарылған жұмыстар бойынша журналистерге берген баспасөз маслихатында.  Бұл мәселе экологиялық реестрге енгізілген. Жел соққан кезде, қара түтін көкке көтеріліп, тұрғындардың денсаулығына едәуір зиянын тигізіп келген. Жабуды қажет ететін қойманың жалпы көлемі 106,8га құрап, облыстық бюджеттен қаржы қаралып, консервациялау жұмыстары іске асырылуда. Жыл соңына дейін кен қалдықтарын сақтау қоймасы толық консервацияланып, экологиялық түйткілдің түйіні тарқалады деді, басқарма басшысы.

   Бүгінде тұқым себілетін жерлер толығымен дайындалып, 20 тоннадай сексеуіл тұқымы жиналды. Егілген орман алқаптарындағы орман ағаштарының түптері қопсытылып, суғару мен қатар аралықтарын механикалық күтіп-баптау жұмыстары 1978 га жерге, оның ішінде Шымкент қаласы маңындағы 1564 га Жасыл аймаққа, орман екпелерін толықтыру жұмыстары 272 га жерге жүргізілді. Орман шаруашылығы мекемелеріндегі орман тұқымбақтарында 6810 мың дана, 40-тан аса ағаш-бұталардың көшеттері өсірілуде. Орман қоры жерлерінде өрт болдырмауға, оның таралуына шектеу қою мақсатында осы жылдың 10 айында жаңадан өртке қарсы 60 шақырым минералдық жолақтар салынып, 4805 шақырым ескі минералдық жолақтарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді дейді, Мұхит Отаршиев.

1262 рет қаралды

Пікір жазу