25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮЛКІБАСТА Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ

Дүйсенбі, 03 Қараша 2014 07:12

    Қазақ халқының туына айналған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығы республика көлемінде кеңінен аталып өтуде. Алты Алаштың ардақты ұлы «тұлпарлар туған, сұңқарлар қонған» қасиетті Түлкібас өңірінде дүниеге келген. Осы орайда халқымыздың ардақты азаматының 120 жылдығы Түлкібаста кең көлемде аталып өтілді.

 

 


  Мерейтойға келген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар, Тұрартанушы ғылымдар Т.Рысқұлов ауылындағы «Жастар» саябағындағы Т.Рысқұловқа қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет сарайында өткен ғылыми-теориялық конференцияға қатысты.
   Конференция барысында  ғалымдар М.Мырзахметов, С.Молдияров, жазушы М.Байғұт, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Құрманғали сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.
Алқалы бас қосу алдында оған қатысушылар Кемербастау ауыл округі Жәрімбетов ауылында Тұрар Рысқұлов ескерткішінің қазығы қағылып, 120 түп емен ағашы отырғызылды.
  Ал Рысқұл ауылында ас беріліп,  бәйге, аударыспақ, көкпар сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Осы шарада Түлкібас ауданының әкімі Қ.Абдуалиев, тіл жаңашыры А.Осман, Жамбыл облысы, Жуалы ауданының құрметі азаматы Ергебеков Әбілқасым сөз сөйлеп, аудан тұрғындарына игі тілектерін білдірді. Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.  

8966 рет қаралды

2 пікір

  • Аділбек Аділбек Жексенбі, 09 Қараша 2014 17:06

    Айтылған сөз атылған ок деп жазылған екен жебе соған лайық аділ болып тура сөзді шындық тура айтып жексізе қандай жақсы,Айтылған немесе жазылған,пікірлерді ,букпанталамай қорыкпай жазса ол нағыз жебе, болар еді.Тулкібас ауданы Турар Рыскуловтың 120 жылдығын тойлғап болашак урпақ улгі алып жатыр.Ал Байдібек ауданы Ақбастау ауылының акімі Н.Сугірбаев. сталин жеңе алмаған алаштың бір туар азаматы Т.Рыскуловтың есімін көшеден алып тастап отыр,тек бул емес мына кісілердіңде есіміндерін, Алия Молдағулова, Қарсыбай Спатаев, Сакен Сейфулин, А,Иманов,М.Ауезов,Ш.Уалиханов.Ж.Жабаев, тб. Байдібек ауданының акімі Батырбек Көшербай болса ауыл акіміне неге олай етің орындарына қой есімдерін деп тапсырма беруге сөзі өтпей отырған сияқты. Ауыл акімі облс акімі Мырзахметовтың куйеу баласы екен, Кім бола ол болсын алдағы келе жаткан жеңістің 70-жылдығына батырлардың есімін көшелерге қайтарып берсе болғаны,Болашак урпакқа улгі етіп көрсетудің орнына көшелерден есімдерін алып тастағаны естіген журттан уят болды. Сіздер буған недейсіздер бул шындық. Сенбесеңіздер Замана, Жемқорлыксыз қазақстан, Ардақ газеттерін алып оқыңыздар.

  • шындык шындык Жексенбі, 09 Қараша 2014 15:41

    Тукібас ауданы Т.Рыскуловтың 120 жылдығын тойлап жатса.Байдібек ауданы Акбастау ауылының акімі Н.Сугірбаев. Сталиның шамасы келмеген алаштың азаматы Т.Рыскуловтың есімін жане зилы батыр жазушы ғалым акын кісілердің есімдерін алып тастап шалқып.Аудан акімі Батырбек Көшербай ауыл акімі облс акімі А.Мырзахметовтың куйеу баласы болған соң тісі бата алмай ,Т.Рыскуловтың есімін орнына қой деп айталмай отырған сияты.Алда жеңістің 70-жылдығы келе жатыр оға дейін, карсыбай спатаев, алия молдағулова тб кісілердің орнына қояр мумкін.

Пікір жазу