"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СӘУЛЕТШІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ТӨРТ ОБЛЫСҚА БӨЛУДІ ҰСЫНДЫ

Дүйсенбі, 03 Қараша 2014 07:18

    Оңтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісі Қазақстан территориясын  Батыс, Оңтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан деп төрт облысқа бөлуді ұсынды. Шенеунік өз кестелері мен есептерін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберді, деп жазады "Мегаполис" газеті.
"Бір облыс - 500 мың халық, екіншісінде - 2,7 миллион. Ал қаржыландыру бірдей, департаменттер бірдей, шенеуніктер саны бірдей. Басқару құқығы аумаққа емес, "бірлік/адам" көрсеткішіне бағытталуы керек. Егер облыстарды өңірлерге біріктірсек, онда әрқайсында шамамен 3,5 миллион адам тұратын болады", - дейді республиканың еңбегі сіңірген сәулетшісі.
    Президент Әкімшілігі сәулетшінің көтерген бастамасы жайлы әзірше пікір білдірген жоқ.
Айта кетейік, қазір Қазақстан 14 әкімшілік облысқа, 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінген - Астана, Алматы және Байқоңыр.

1347 рет қаралды

Пікір жазу