24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МАҚТАДАН ТҮСІМ МОЛ

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 17:35

 

Түстік шаруалары жарап тұр. Ордабасы дихандары ағымдағы жылы 6752 га жерге мақта егіп, 16 880 тонна өнім аламыз, - деп, жоспарлап отыр. Егін алқабында өткен басқосуда аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбековке шаруалар осыны айтты.

Ордабасы - мақта шаруашылығы дамыған аймақ. 32 300 гектар жері -суармалы. Өткен жылы мұнда 4400 гектар жерге мақта дақылы егіліп, бір гектардан 23,5 центнердей ақ алтын алынған. Жалпы 10 352 тонна өнім алынып, әр тоннасын орта есеппен 100 мың теңгеден өткізді. Ал, биыл жиын-терім науқанына 82 дана техника сақадай-сай. Олардың ішінде жаңа үлгідегі 11 дана «Джон дир» мақта комбайны бар.

Мынау - Төрткүл ауыл округінде орналасқан мақта зауыты. 13 000 тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Бұдан бөлек, тағы мақта қабылдауға арналған жеті бірдей пункт жұмыс жасауда.

Жоспарға сай,  биыл 55 жаңа техника алу керек болатын. Шаруалар соның 47-сін түгендеген. Оның 7-еуі мақта шаруашылығына қажетті болса, 4-еуі - культиватор, 3-еуі - ұрық сепкіш. Мамандар енді осы құрылғылардың арқасында межеленген жоспарды дер кезінде орындаймыз, - деп отыр.

288 рет қаралды

Пікір жазу