13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНЕ 3 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ

Жұма, 16 Қыркүйек 2016 11:35

 

Оңтүстік Қазақстанда 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Дәл осы көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түспек.
Мәселен инвестиция тартылған жобалардың бірі Қазығұрт ауданында жүзеге асқан «Lotus Food Company LLC» ЖШС тез дайындалатын кеспе жобасы.

Бұл жобаға 471 млн. теңге көлемінде инвестиция салынған. Сонымен қатар, 1 млрд. 900 млн. теңге инвестиция тартылған «Шымкент май» жобасы бүгінде өз өнімдерін экспортқа шығаруда.

Инвесторлардың үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия елдері көш бастап тұр.

Айта кетейік, тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында Шымкентте қазақстандық пен шетелдік жетекші компаниялар қатысқан «AgroProm Shymkent 2016» көрмесі өтті.

Көрмеде азық-түлік және сусын түрлері, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтар ұсынылды. Сондай-ақ, шара барысында «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
“AgroProm Shymkent 2016” көрмесінің аясында толыққанды іскерлік бағдарламалар қарастырылды.
Атап айтқанда шара кезінде «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, Оңтүстік өңірі мен Жамбыл облысының арасында кооперацияны дамыту аясында меморандумға қол қойылды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

310 рет қаралды

Пікір жазу