19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮЛКІБАСТА «БІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЛЕШЕГІМІЗ!» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Сенбі, 10 Желтоқсан 2016 09:44

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Біз Қазақстанның келешегіміз!" атты жастар форумы өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Форумды "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы А. Асильбеков жүргізіп отырды. Форум барысында жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кәсіпкерлерді қолдау орталығының директоры М. Ергебеков өз баяндамасында айтып өтті. Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің ювенуалды полиция инспекторы аға лейтенант Н. Есенбеков аудан көлеміндегі жастар арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар, құқықбұзушылық, суицид бойынша баяндап, жастарды қылмыстық жағдайлардан бойларын таза ұстауға шақырды. Жастар жарыссөзге шығып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға білікті мамандар мардымды жауаптар алды. Қатысушы жастар арнайы сертификаттармен марапатталды. Қорытынды сөз аудан әкімінің орынбасары Жанар Әлібекқызына берілді. Жанар Әлібекқызы жастарды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тартып, еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін айтып ізгі ниетін білдірді. Форумның соңында жастар естелік суреттерге түсті.  Ел Тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңындағы форумның өзіндік мағынасы бар.

482 рет қаралды

Пікір жазу