24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТАНЫМАЛ БОКСШЫНЫҢ ЖАРЫ ЕНДІ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ

Сенбі, 06 Мамыр 2017 08:45

 

Танымал боксшы Мұхтархан Ділдәбековтің жары колледж директоры болып тағайындалды.

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің екінші жары Альбина Елшиева конкурстық негізде Шымкенттегі №2 колледж директоры болып тағайындалған.

Боксшының жұбайы 2011 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарып, 2012 жылы Мұхтархан Ділдәбековке тұрмысқа шықты.

Кейін декреттік демалысқа кеткен соң 2015 жылы бұл басқарма атауы өзгертіліп, басшылық «креслоға» Қуандық Құлажанов тағайындалды.

Алайда 2016 жылы Елшиева ханым облыс әкімдігі аппаратын өзін қызметтен заңсыз босатты деп сотқа шағым түсіріп, судья талапкердің арызын қанағаттарндырған да болатын.

Бірақ Альбина Елшиева бас педагог қызметіне қайта отырмады.

664 рет қаралды

Пікір жазу