24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТТАР ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Жұма, 12 Мамыр 2017 15:59

 

12 мамыр күні «Азаматтық бақылау» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) мен облыстық ішкі істер департаментімен (әрі қарай - ІІД) бірлескен «Жол-патрульдік полициясы мен жол қозғалысы қатысушыларының тікелей байланысын төмендетудің актуалды  аспектілері: проблемалар және шешу жолдары» тақырыбында облыстық конференция өтті. 

 

 

 

Іс-шараға ІІД  аппараты мен жергілікті полиция қызметі, жол-патрульдік полиция қызметкерлері және жол-патрульдік қызметтің жеке батальоны, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты  – азаматтардың мүдделерін қорғауға негізделген субъектілердің  маңызды рөлін көрсету. Жол қатынасының қатысушыларымен байланысты жою бойынша аймақтарда қабылданып жатқан тәжірибелік шаралар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі ережелерін қарастыру. 

 

 

Конференцияны ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы басшысының міндетін атқарушы, полция полковнигі М.Сыздықов ашып берді. М.Сыздықов, құқық қорғау органдарын бағалау мәселесіне қысқаша тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен әдеп кодексі нормаларының сақталуы жайын сөз етті. 

 

 

Іс-шара барысында департамент басшысының орынбасары А.Шілманов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістері мен сол әдістердің тәжірибе жүзінде қолданылуын түсіндірді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарында, жалпы ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың қаупі жоғары екендігін, жемқорлықтың салдарынан азаматтардың мүдделерін қорғауға негізделген субъектілер жойылуда деп хабарлады.

Сонымен қатар, конференцияда ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция полковнигі М.Зұлпыхаров, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің командирі, полиция подполковнигі М.Бұхарбаев баяндама жасады. 

Іс-шара соңында ішкі істер органдары салаларында жемқорлық көріністерін болдырмау міндеттері қойылып, ұсыныстар берілді.

 

Ақпаратты әзірлеген Бекен Қоныс

357 рет қаралды

Пікір жазу