11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРАРЛЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Дүйсенбі, 29 Мамыр 2017 09:31

 

Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін  мектеп оқушылары арасында да түсіндіру жұмыстары қарқынды іске  асырылады.

Тақырыптық бағыттың мақсаты – жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеуде.

Өйткені, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бағытында тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізу, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бір бөлігі болып саналады.

Әрбір қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі керек.

Сондықтан бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеуіміз керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар қасиет.

Осынау құндылықтарды қалыптастыруда негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі. Әрбір ата - ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет.

Бұл тұрғыда бүгінгі күні облысымыздың жалпы білім беретін  мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтаудағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін 920 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары  құрылып, онда 580 мыңнан асатын клуб мүшелері бар.

Сондай – ақ, Оңтүстіктің мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, үздік бейнероликтер, суреттер көрмесі, шығармалар байқауы, флэш - мобтар, диалогтық алаңдар кездесулер және басқа да әлеуметтік – маңызы бар түрлі іс - шаралар ұйымдастырылуда.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жас жеткіншектерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құқықтық білім беретін күш ретінде, қоғамда өзіндік орын тауып қалыптасатындығына алар орны ерекше.

Қорыта келе, отбасында және қоғамда қанағатшылдықты, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, табандылық пен рухани байлықты, сондай – ақ, ар тазалығын дүние - мүліктен жоғары қоюдың қасиеттерін дәріптеудің маңызы зор болмақ.

 

 

Г. Төлегенқызы - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің  ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

1116 рет қаралды

Пікір жазу