"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ЭКСПО КӨРМЕСІНДЕ 4 ЖОБА ИНТЕРАКТИВТІК КАРТАДА ҰСЫНЫЛМАҚ

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 12:38

 

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде интерактивтік картада облыс бойынша 4 жоба ұсыну жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы мәлім етті.

Бұл жобалар «Нұр Әлем» ұлттық павильонында көрсетіледі деп жоспарлануда. Жоблар жасыл технологияларды дамыту саласында қонақтар мен көрме қатысушыларын таң қалдыру қажет. Оңтүстіктің жобалары көрмеге қатысушыларды жаңартылған энергия көздерімен ерекше көңіл аудартатыны анық.

 

Интерактивтік картада ұсынылатын жобалардың бірі «Аксу-Энерго» күн энергиясы саласындағы  жоба. Күн электр станциясы 2014 жылдың аяғында іске қосылған. Күн батареялары жалпы 1 МВт электр энергиясын өндіре алады.


«Болашақ энергиясы» - көрмесінде таныстырылатын жобалар тізбесі – «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС, «Рысжан»-«Келесгидрострой» ЖШС-гі нің су электр станциясы мен пайдаланылған мотор майын қайта өңдеу бойынша «Hill Corporation» ЖШС. Жобалар шетелдік өнімдермен бәсекелесе алады.
Сонымен қатар. осыған дейін хабарланғандай, «ЭКСПО-217» халықаралық көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысы жасыл экономиканың бағыттары бойынша 9 жоба ұсынған. Одан іріктелген 5 жоба ұлттық павильонымызды толықтырмақ.  Бұдан өзге көрмеге келетін қонақтар үшін арнайы тур ұйымдастыру жоспарда бар. 

Туристер еліміздің күнгей аймағында рухани астанамыз Түркістанды аралап, жолай Арыстанбабқа соғады. Қазығұрт тауына шығып, Сайрам-Өгем және Ақсу-Жабағылы ұлттық парктерінің табиғатымен таныса алады.  Қонақтарға қызмет көрсету үшін «Оңтүстік туризм» мемлекеттік мекемесі қазірден дайындықты бастап кеткен. Қазір облыста барлық сала бойынша инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде.  Меймандарға еріктілер тобы да қызмет көрсетеді. Олар тренингтен өтіп, білімдерін шыңдауда.

547 рет қаралды

Пікір жазу