13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТЕГІН ЖОЛДАМА АЛҒАН ОҚУШЫЛАР «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ КЕЛЕ ЖАТЫР

Жұма, 23 Маусым 2017 12:23

 

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұжымы 25 баланы Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне шығарып салды. 

Партиялықтар қолдау танытып, облыстық мәслихат депутаты, партиялық куратор, облыстың әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсаруына зор үлесін қосып жүрген азамат Усейн Касановтың демеушілігімен көрмеге тегін баруға мүмкіндік алған жас өрендердің қуаныштарында шек жоқ. Қолдарына сәтті билет ұстаған жеткіншектер Елбасына, «Нұр Отан» партиясына алғыстарын білдірді. Партиялықтардың атынан балаларды бұл қуанышты сәтпен облыстық филиал төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева құттықтап, балаларға билеттерін тапсырды.

Шараға арнайы шақырылған қонақ, актер, ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлдімғазы Райымбеков балаларға ақ батасын беріп, сәт сапар тіледі. 

 

 

«Айналайын» балалар үйінің директоры Жадыра Еркінбекқызы өз кезегінде партиялықтарға шынайы алғысын білдіріп: «Бүгін біз үшін ұмытылмас сәт, ерекше мерекелі күн болып отыр. Балаларымыздың арманы орындалып, Елордамызда өтіп жатқан көрмеге барып қайтуға мүмкіндік берілді.

Қуанышымызды жасыра алмай отырмыз. Қасиетті Рамазан айында жасаған барлық игі істеріңіз Алладан қайтсын, жақсылықтың көші жалғаса берсін. Ал, балаларыма сәт-сапар тілеймін!» - деп тілек білдірді Ә.Райымбеков.

Шара соңында балалар арнайы автобусқа отырып, қауіпсіздігіне жауапты ішкі істер органдарының ілесуімен сапарға аттанды.

Мемлекет тарапынан жасалған мұндай мүмкіндік еліміздің түкпір-түкпіріндегі балаларға беріліп отыр. Халықаралық көрме аясында еліміздің инновациялық жетістіктері мен жобаларын мейлінше жастарға таныстыру шаралары жан-жақты қарастырылып отыр. Маңыздысы – жаңа идеяларға болашақ мамандарды, ертеңгі Қазақстан тізгінін ұстаушы ұрпақты тарту болып табылады.

974 рет қаралды

Пікір жазу