"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ФРАНЦУЗДАРДЫҢ 28%- Ы ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСПАЙДЫ

Жұма, 21 Сәуір 2017 16:04

 

Франция президенттік сайлау дауыс беру Францияда екі күннен кейін президенттік сайлау өткелі жатыр. Соңғы уақытта жүргізілген сауалнама нәтижелері бір-бірінен қатты ерекшеленген. Тіпті француздардың 28%-ы дауыс беруге қатысатын ойымыз жоқ деп ашығын айтқан. Сондықтан кандидаттардың ешбірі де 50%-дан астам дауыс жинай алмай қала ма деген болжам бар. Дегенмен сарапшылар 4 үміткердің жеңіске мүмкіндігі мол екенін айтады. Олар – бұрынғы қаржы министрі Эммануэль Макрон, «Ұлттық фронт» партиясының жетекшісі Марин Ле Пен, экс-премьер-министр Франсуа Фйион және «Бағынбаған Франция» қозғалысының өкілі Жан-Люк Меланшон. Ал, елдің қазіргі басшысы Франсуа Олланд додаға қатыспайды. Айта кеткен жөн, Францияда президенттік сайлау 23 сәуірде өтеді. Егер үміткерлердің ешқайсысы тиісті межеден аса алмаса, саяси шараның екінші кезеңі 7 мамырға жоспарлануы мүмкін.

997 рет қаралды

Пікір жазу