"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ФРАНЦИЯДА ТАҒЫ ДА ҚАҚТЫҒЫС

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 08:41

 

Францияда бейбіт шерудің соңы қақтығысқа ұласты. Салдарынан 6 тәртіп сақшысы жараланған. Олардың екеуінің халі ауыр. Жалпы, бүкіл ел бойынша шеруге 140 мыңнан астам адам қатысқан. Париждің өзінде ғана бұл шара 30 мың тұрғынның басын қосты. Алғашында бейбіт басталған шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты. Бетіне бетперде киген бір топ адам дүкендер мен аялдамаларды талқандай бастаған. Артынша тәртіп сақшыларына пиротехникалық заттар мен жандырғыш қоспасы бар бөтелкелер лақтырды. Ашынған жұртты тарату үшін полицейлер көзден жас ағызатын газды қолданды. Тәртіпсіздіктерге байланысты 5 адам қамауға алынды.

962 рет қаралды

Пікір жазу