"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АҚШ СИРИЯ МЕН КХДР– ҒА ҚАРСЫ ЖАҢА САНКЦИЯЛАР ДАЙЫНДАУДА

Бейсенбі, 25 Мамыр 2017 07:28

 

АҚШ қаржы министрлігі Иран, Сирия және Корей халық демократиялық республикасына қарсы жаңа санкция әзірлеу ісімен айналысып жатыр, - деп хабарлайды Reuters Каржы ведомствосының басшысы Стивен Мнучинге сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің жоспары жайлы ол АҚШ өкілдерінің палата бюджеті жөніндегі комитетіне арналған мәлімдемесінде баяндады. «Біз америкалықтардың өмірін қорғау мақсатында Иран, Сирия және Солтүстік Кореяға қарсы қосымша санкциялар енгізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейміз», - деді Мнучин.

Сондай-ақ, ол бұл мәселені өзінің назарына алып, президентпен талқылауға ниетті екендігін жеткізді. Қаржы министрі оның ведомствосы қарастыратын шаралардың тағы бірі Boeing және Airbus ұшақтарын Иранға сатуға арналған лицензияларды қайта қарау екендігін айтып өтті.

Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде келісім жасалып, санкция алынғаннан кейін, Boeing және Airbus Иранмен лайнерлерді жеткізу жөнінде келісімшартқа отырды. 2016 жылдың желтоқсан айында белгілі болғандай, Иранның ұлттық әуе тасымалдаушы компаниясы Iran Air Boeing-тен 80 ұшақ сатып алады. Келісім құны 16,6 млрд долларды құрады.

Компания келісім жасау үшін АҚШ үкіметінің рұқсатын алған. Кейіннен Airbus та Иранмен келісімшартқа отырды. Келісім бойынша, компания елге 18 млрд доллар тұратын 100 ұшақ жеткізуге тиіс. 20 мамыр күні Сауд Арабиясынан басталған Таяу Шығыс елдері сапарындағы мәлімдемесінде Трамп Иранды «оқшаулау» керектігі жөнінде айтты. Бұдан басқа, Америка Президенті Тегераннан «лаңкестерге қолдау көрсетуін доғаруын» және зымыран бағдарламасын дамытудан бас тартуын талап етті.

956 рет қаралды

Пікір жазу