"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТЕРЕЗА МЭЙ ЖАҢА ҮКІМЕТ ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ

Дүйсенбі, 12 Маусым 2017 11:07

 

Ұлыбритания Тереза Мэй Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй жаңа үкімет құрамын жасақтады. Еске сала кетсек, бейсенбіде өткен сайлау нәтижесі бойынша Мэй бастаған партия парламентте 318 орынға ие болған. Бұл бұрынғымен салыстырғанда 12 мандатқа кем. Парламентте көпшілік дауысқа ие болу үшін 8 мандат жетіспегендіктен, консерваторлар коалиция құруға мәжбүр. Дегенмен үкіметтің құрамы айтарлықтай өзгерген жоқ, 16 министр орындарын сақтап қалды. Ал басты бәсекелесі лейбористік партия жетекшісі Джереми Корбин премьер-министр болу ниетінен бас тартпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл немесе келесі жылы елде қайтадан мерзімінен бұрын сайлау өтуі мүмкін.

416 рет қаралды

Пікір жазу