"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САУД АРАБИЯСЫНДА ӘЙЕЛДЕРДІҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУІНЕ РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек 2017 12:58

 

Сауд Арабиясының билігі әйелдердің автомобиль жүргізуіне рұқсат етті. Бұл шешім жайлы мемлекеттік телеарнада жарияланды, деп хабарлайды The New York Times. Бұл реформа 2018 жылдың маусымында күшіне енеді. Еске сала кетсек, 23 қыркүйекте корольдіктің негізі қаланғаннан бері алғаш рет әйелдерге стадионға келуге рұқсат етілген болатын. Бұл Эр-Риядта мемлекеттің құрылуының 87 жылдығында іске асырылды. Әйелдерге сол күнгі кеште Фахд патша атындағы халықаралық стадионда опереттаны  көре алды. Сондай-ақ желтоқсанда Сауд Арабиясында әйелдер алғаш рет сайлауға қатыстырылды.

202 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « ИНДОНЕЗИЯ СІМ БАСШЫСЫ МЯНЬМАҒА АТТАНДЫ

Пікір жазу